Мәдениет

Комедия жанрындағы фильмнің эпизодтық рөлдеріне кастинг жарияланды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуОператор
Оператор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
16 мен 66 жас аралығындағы кез келген адам жуырда жарыққа шығатын фильмнің кейіпкері атана алады

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ режиссер Қанағат Мұстафиннің "Ең сұлу қыз" көркем фильмінің эпизодтық рөлдеріне кастинг жариялады. 

"Кастингке 16 мен 66 жас аралығындағы қыз-келіншектер мен әйел адамдарды, ер-азаматтарды шақырамыз", — делінген хабарламада.

Архивное фото соревнований по скачкам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан жылқы туралы деректі фильм түсіреді

"Қазақфильм" өндірісінің туындысы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен және Kanaidar production мен "Чеченфильм" компанияларының қатысуымен түсіріледі.

Кастингке қатысқылы келетіндер 3-6 сәуір аралығында 10:00-нан бастап 18:00-ге дейін киностудияға келуі тиіс. 

Фильм сюжеті бойынша, бас кейіпкер Самат – үш достың арасында үйленбеген жалғыз жігіт. Бауыржан оған көмектеспек болады. Достар бірігіп қалыңдық іздеу үшін үлкен қалаға сапар шегеді. Олар естен кетпес шытырман оқиғаға тап болады. Достарды халықаралық контрабандашылар деп қалған полиция мен қарақшылар жігіттердің соңына түседі. 

Жаңалықтар
0