07:26 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Димаш Кудайбергенов

Димаштың "Singer 2017" финалында орындаған алғашқы әні осы аптада шығады

© Foto: аккаунт Димаша Кудайбергенова в Instagram
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
Миллиардты бағындырған Димаш (44)
37 0 0

15 сәуір күні болатын дуэттік ән орындаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Димаш Құдайбергеннің Қытайда өтіп жатқан "Singer 2017" жобасының финалының алғашқы күнінде орындаған әні осы аптада 8 сәуір күні шығады. Бүгін желіде бұл сайыстың аңдатпасы жарияланды. 

"8 сәуір күні финалдың алғашқы сайыс күні италяндық ән Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын тыңдай аласыздар! Тілектеріңіз бен қолдауларыңызға раxмет! Біргеміз", — деп жазған Димаш инстаграмдағы жеке парақшасында.

Өз кезегінде әншінің досы әрі PR-менеджері Алпамыс Шәрім жеңімпаз анықталатын уақыт келіп қалғанын айтады.

"Осы аптада 8 сәуір күні финалдың алғашқы күні әншілер жеке ән орындайтын соңғы сайыс күні. Бұл күннің шешімі мен 15 сәуір күні болатын дуэттік ән орындаудың қортындысы соңғы жеңімпазды анықтайды!!! Сіздердің тілектеріңізбен финалға да келіп қалдық!!!@kudaibergenov.dimash ұлдарыңызға тілекші болыңыздар!!!", — дейді ол. 

Айта кетейік, ақтық сынды қытайлық Hunan TV және Хабар телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады.

Тақырып:
Миллиардты бағындырған Димаш (44)

Басты тақырыптар