Мәдениет

"Құнанбай" және "Жаңғақ ағашы" фильмдері Бейжің кинофестивалінде көрсетіледі

© Photo : Кадр фильма"Құнанбай" фильмі
Құнанбай фильмі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі фильм де түрлі кинофестивалдерге қатысып, марапаттауларға ие болған

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы шығарған "Құнанбай" және "Жаңғақ ағашы" фильмдері Бейжіңде VII Халықаралық кинофестивалдің "Панорама" бағдарламасы аясында көрсетіледі деп хабарлады киностудия баспасөз қызметі

Beijing International Film Festival Қытай астанасында 19-21 сәуір аралығында өтеді.

"Фильмнің фестивалдерде көрсетіліп жатқанына разымын. Фильмде мейірімділік насихатталады, сол себепті қытай көрермендерінің көңілінен шығады деп ойлаймын", — деді "Жаңғақ ағашы" фильмінің режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов.

Оператор - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Комедия жанрындағы фильмнің эпизодтық рөлдеріне кастинг жарияланды

"Бірнеше жыл бұрын марқұм Таласбек Әсемқұловпен бірге Қытайға барып, "Біржан сал" фильмін таныстырған едік. Көрсетілімге 500 адам қатысты, олардың арасында қазақтар да болған еді. Жұрт фильмді жақсы қабылдады. Меніңше, "Құнанбай" фильмі де қытай көрермендеріне қызық болады", — дейді фильмнің режиссері Досхан Жолжақсынов.

Құнанбай Өскенбайұлының тағдыры туралы тарихи фильм 2015 жылы желтоқсан айында жарық көріп, көпшіліктің көңілінен шыққан болатын. Отандық кино өндірушілердің туындысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары баға берген.

© Photo : фильм кадры"Жаңғақ ағашы" фильмі
Жаңғақ ағашы фильмі - Sputnik Қазақстан
1/3
"Жаңғақ ағашы" фильмі
© Photo : фильм кадры"Жаңғақ ағашы" фильмі
Жаңғақ ағашы фильмі - Sputnik Қазақстан
2/3
"Жаңғақ ағашы" фильмі
© Photo : фильм кадры"Құнанбай" фильмі
Құнанбай фильмі - Sputnik Қазақстан
3/3
"Құнанбай" фильмі
1/3
"Жаңғақ ағашы" фильмі
2/3
"Жаңғақ ағашы" фильмі
3/3
"Құнанбай" фильмі
Жаңалықтар
0