04:05 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш қабырғасы

Жуырда марқұм Батырхан Шүкеновтің клипі жарыққа шығады

© Sputnik /
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
7 0 0

Батырхан Шүкенов 2015 жылы сәуірде жүрек талмасынан көз жұмған еді

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Екі жыл бұрын көз жұмған қазақстандық танымал әнші Батырхан Шүкеновтің жаңа клипі сәуір айының соңында музыкалық арналардың эфиріне шығады деп хабарлады Батырхан Шүкенов атындағы қор директоры Олжас Байқанов.

"28 сәуірден бастап музыкалық арналардың эфирінде. Батырхан Шүкеновтің жаңа клипі", — деп жазды Байқанов Instagram парақшасында.

 

 

"Қымбатты достар! Тамаша жаңалықпен бөліскім келеді. Батырхан Шүкенов атындағы қор Батырдың жаңа әнінің соңғы нұсқасын жазып шығарды. (…) Сәуір айының соңында осы әнге түсірілген клиптің презентациясы болады деп үміттенемін!", — деп жазған болатын Байқанов Вконтакте желісінде.

Басты тақырыптар