Мәдениет

Димаш Джеки Чанды туған күнімен құттықтады

Жазылу
Бүгін әлемге әйгілі актер Джеки Чан 63 жасқа толды

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Димаш Құдайберген Джеки Чанды туған күнімен құттықтады. Бұл туралы әнші инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Димаш Кудайбергенов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Лара Фабиан мен Димаш Құдайберген дуэт орындайды

"Happy birthday, my Dear Brother!!! Туған күніңізбен, ардақты ағатайым!!!", — деп жазған Димаш.

Айта кетейік, Қытайда "I am singer" жобасына қатысып жатқан Димаш Құдайберген туралы Джеки Чан естіп, әншіні кездесуге шақырған болатын. Ол Димашқа жылы лебізін білдіріп, эксклюзивті күртешесі мен арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартқан еді. Өз кезегінде Димаш әйгілі актердің иығына қазақтың шапанын жауып, домбыра тарту етті.

Жаңалықтар
0