Мәдениет

Димаштың "Singer 2017" финалының бірінші кезеңінде орындаған әні эфирге шықты

Жазылу
15 сәуір күні финалдың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады

АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Димаш Құдайбергеннің Қытайда өтіп жатқан "Singer 2017" жобасының финалының бірінші кезеңінде орындаған әнінің видеосы шықты. 

Димаш финалдың бірінші кезеңінде Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі The Diva Danсe композициясын қосып орындап, көрермендерді тағы да тәнті етті. 

Айта кетейік, финалдың екінші кезеңі 15 сәуір өтеді. Бұл сында Димаш қытайлық танымал әнші Шаң Венжемен бірге ән шырқайды. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша байқау жеңімпазы анықталатын болады. 

Ақтық сынды қытайлық Hunan TV және Хабар телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 


Жаңалықтар
0