04:00 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Димаш Құдайберген

Димаш халықаралық деңгейдегі танымал әнші атанды

© Foto: Аккаунт Димаша Кудайбергенова в соцсети
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
Миллиардты бағындырған Димаш (42)
2811

Димаш Құдайберген "17th Top China Music Awards" жүлдесін иеленді

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Димаш Құдайберген "17th Top China Music Awards" шарасында "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" жүлдесіне ие болды. Бұл туралы әншінің досы, PR-менеджері Алпамыс Шәрім хабарлады.

"Үш айдың ішінде екінші жүлде! "Азияның ең танымал әншісі" енді "17th Top China Music Awards" шарасында "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" атанды. Басты сыйлық, миллиондаған жанкүйерлер!!! Европа мен Азия, жалпы шер шарының түкпір-түкпірінен келген xаттар, жылы лебіздер мен сый-құрметтер соның дәлелі!!!", — деп жазады Алпамыс Шәрім инстаграмдағы парақшасында.

Димаш өз кезегінде жанкүйерлеріне зор алғысын жеткізген.

Айта кетсек, бұған дейін Димаш Құдайберген Азиядағы ең беделді China Top music Awards сыйлығының "Азияның ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жетті. Top Chinese Music Awards Қытайдағы Грэмми марапаты ретінде танылған.

Димаш Қытайдағы I am a singer байқауының барлық кезеңін сәтті бағындырып, финалға шықты. 15 сәуірде ақтық сынның екі кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады. Ақтық бәсекені Хабар телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Тақырып:
Миллиардты бағындырған Димаш (42)

Басты тақырыптар