Мәдениет

Астана төрінде "Ер Төстік" мюзиклі сахналанады

© Sputnik / Валерий Мельниковтеатр
театр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"AstanaMusical" театрының әртістері елорда тұрғындары мен қонақтарына жаңа керемет шоу тарту етпек

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. "AstanaMusical" театрының әртістері Елорда тұрғындары мен қонақтарына жаңа керемет шоу – "Ер Төстік" қазақ халық ертегісінің желісі бойынша мюзиклін тарту етеді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Ер Төстік" мюзиклі Ер Төстік батыр туралы көпшілік білетін сюжет қана емес, ізгілік пен зұлымдықтың, жамандық пен жақсылықтың қақтығысы туралы халықтық эпос. Туындының басты мақсаты Жақсылық, Абырой, Ақыл, Намыс, Махаббат секілді жоғары адамгершілік сапаларды бекіту. Олардың толассыз күші Зұлымдықты жеңіп, қараңғылықты сейілтеді. Сондай-ақ, қызыққа толы оқиғалар, батырлық, ерлік және махаббат желісінің таңғажайып шешімі. 

MannequinChallenge: елордалық театр актерлері мен көрермендері бір сәтке қатып қалды - Sputnik Қазақстан
Видео
MannequinChallenge: елордалық театр актерлері мен көрермендері бір сәтке қатып қалды

Тамаша әуеннің жарқылына толы, бірегей хореография, жанды вокал, керемет бейне инсталляция, бір сәтте ауысып отыратын көз тартарлық декорациялар, әдемі костюмдердің ауысуы мен әртістердің кәсібилігіне толған әсерлі іс-әрекет көрерменді ертегілер әлеміне еліктіріп әкетеді. Спектакль сахнасы заманауи декорациялармен безендірілген, видеоинсталяциялар қосылған, орындаушылар үлкен әртістік шеберлікпен өз образдарын сомдайды. Осының барлығы музыка авторы – Болатбек Нұрқасымов, либретто авторы – Әннәс Бағдат, сценарист және қоюшы-режиссері – Есләм Нұртазин сияқты үздік мамандардан құрылған шығармашылық топтың біріккен еңбегінің нәтижесінде дүниеге келді.

Жаңа мюзиклдің тұсаукесері 14 сәуір күні "Қазақстан" орталық концерт залында өтеді.

Жаңалықтар
0