Мәдениет

Димаш Құдайберген: менің әлі айтарым бар

Жазылу
Әнші Қытай еліндегі "I am a singer" байқауында екінші орынға ие болды

АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. Димаш Құдайберген I am singer байқауының финалынан соң Instagram парақшасында жанкүйерлеріне ыстық ықыластары үшін рахметін айтып, алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

"Жүрегім өнер деп соғады, мақсатым ән айту, күллі әлемге ішімде жатқан барды жар салу… Міндетім, қазақ әнін паш ету, жанкүйерлеріме жан жүрегімде жатқан жырды жырлау, өнерімді бағалайтындармен бірге толғану, тебірену!… Менің әлі айтарым бар! Бұл бастамасы! Жеңіс құтты болсын!!! Жүрегім Сіздермен бірге!!! Ыстық ықыластарыңыз үшін раxмет!!!", — деп жазады Димаш.

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Апр 15 2017 в 1:18 PDT

Айта кетейік, Димаш Құдайберген "I am a singer" ән додасы финалының екінші кезеңінде белгілі қытайлық әнші Лаурэ Шангпен бірге Майкл Джексонның репертуарынан попурри орындап, екінші орынға ие болды.

Жаңалықтар
0