Мәдениет

Мәдениет министрі Димаш Құдайбергенге қолдау көрсетуге уәде берді

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы
ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атап өткендей, Димаш - жаңа жұлдыз ғана емес, үнемі дамып, шарықтай беретін шын дарын иесі

АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димашты I am a singer байқауындағы екінші орнымен құттықтап, ведомство тарапынан қолдау көрсетуге уәде берді.

Димаш Кудайбергенов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайберген: менің әлі айтарым бар

"Достар, Қытайдан сүйінші жаңалық келіп жетті. Қандай қуаныш десеңізші! Біздің Димаш Құдайберген I am a singer'2017 байқауында екінші орын иеленді. Бұл ұзаққа созылған әрі адамды қажытатын дода болды. Димашымыздың үлкен жеңісі, маңдай тері. Тамаша жетістік!", — деп жазды Мұхамедиұлы.

Ведомство басшысы атап өткендей, Димаш жай ғана жаңа жұлдыз емес, үнемі дамып, одан әрі шарықтай беретін нағыз дарын иесі.

"Оның алдында әлі талай асулар күтіп тұр, оған сенімдімін. Өз тарапымнан айтқым келетіні, болашақта да оған барынша қолдау көрсететін боламыз. Димаш, сәттілік тілеймін, алтыным, жарайсың, біз сені мақтан тұтамыз", — дейді министр.

Жаңалықтар
0