Мәдениет

Астанада Димаш Құдайбергенді қошеметтеуге арналған салтанатты кеш өтеді

Жазылу
Келем деушілерге кіру тегін

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Астанада ертең Димаш Құдайбергенді қошеметтеуге арналған салтанатты кеш өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Вице-министр: Димаш бір күнде жарқ еткен, елімізде мойындалмаған әнші емес

"Достарым, ертең, Астанада орталық концерт залында сағат 18:30-да Димаш Құдайбергенді қошеметтеп, кұрмет көрсетеміз. Димаш Қытайдағы I am a singer халықаралық конкурсынан үлкен жеңіспен отанына оралады", — деп хабарлады Мұхамедиұлы. 

Кіру тегін. Министр барлық тілектес адамдарды осы шараға шақырды. 

"Келіңіздер, достар, Димашты бірге қарсы аламыз!", — деді ол. 


Жаңалықтар
0