Мәдениет

Димаш Құдайбергеннің концертіне 7 мың билет сатылып кеткен

Жазылу
Димаш Құдайберген Астанада ЭКСПО көрмесі аясында концерт қояды

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Димаш Құдайбергеннің концертіне алты күннің ішінде 7 мың билет сатылып кетті, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедилы.

Восторженная толпа приветствовала Димаша на концерте в Астане - Sputnik Қазақстан
Видео
Димаш Құдайберген: қазақ халқына мың тағзым, Елбасыға шексіз алғыс

"ЭКСПО аясында өтетін кең ауқымды концерттердің бірі — Димаш Құдайбергеннің концерті. Ол Астана-Аренада өтеді. "Астана-Арена" стадионына 22 мың адам сыяды. Қазіргі уақытта алты күн ішінде 7 мың билет сатылып кетті", — деді Мұхамедиұлы.

Министр қазір Димаш Құдайбергеннің екінші концертін өткізу қарастырылып жатқанын жеткізді.

Айта кетсек, Димаш Құдайбергеннің шоу концерті 27 маусым күні сағат 19.00-де "Астана-Арена" стадионында өтеді. Оған Лара Фабиан секілді әлемдік деңгейдегі жұлдыз, сондай-ақ басқа да бірқатар белгілі әншінің қатысуы жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0