Мәдениет

Астанада ЭКСПО көрмесінің аясында Плющенко өнер көрсетеді

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуЕвгений Плющенко
Евгений Плющенко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко мен мәнерлеп сырғанаудың басқа да жұлдыздары ЭСКПО аясында өтетін мұз шоуында өнер көрсетеді

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко ЭСКПО аясында өтетін мұз шоуында өнер көрсетеді. Танымал спортшымен бірге аренаға өзге шетелдік және отандық мәнерлеп сырғанаушылар шығады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Павильон ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Кәсіпкер 2 миллион теңгеге "ЭКСПО-2017" билетін сатып алды

Спортшы Астанада "Мұз патшасы – 2. Оралу" дүниежүзілік шоу аясында болған. Евгений Плющенко мәнерлеп сырғанаудан олимпиадалық наградалар саны бойынша рекордсмен болып табылады. 

"ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге 38 күн қалды. 

Мұз шоуынан басқа халықаралық көрме аясында Energy party, "Сан-Ремо жұлдыздары Астанада", Astana Art Fest секілді мәдени іс-шаралар өтеді. 

Димаш Құдайбергенов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайберген Астанада ЭКСПО аясында концерт қояды

Көрме аясында Александр Масляковтың қатысуымен КВН-ның халықаралық жазғы кубогы өтеді. 

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында өтетін мәдени шаралар жоспарына түрлі жанрлардағы концерттер енгізілген. 

 "ЭКСПО" халықаралық көрмесі кезінде өтетін шаралар бағдарламасына  спорттық жарыстар да енгізілді. Мамыр айының ортасынан бастап жексенбі күндері Астаналық, Жерұйық және Студентік саябақтарда Astana Fitness Park шарасы өтеді. Оның барысында кәсіпқой бапкерлердің жетекшілігімен кроссфит, йога, зумба және т.б. бойынша жаттығу жасауға қатысуға болады. 25 маусымда Астанада дуатлоннан үшінші рет қалалық турнир өткізіледі. Оған 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады. 

ЭКСПО-2017 көрмесі Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.


Жаңалықтар
0