Мәдениет

"Бала дауысы" ән байқауының жеңімпазы Диснейлендке жолдама алады

© Photo : NickbarҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
13 мамыр – 22 маусым аралығында танымал музыканттар, композиторлар мен продюсерлерден тұратын "Жандану әлемі" Қорының шығармашылық тобы еліміздің барлық аймақтарында, Астана және Алматы қалаларында 7 және 13 жас аралығындағы өнерсүйер дараларға арналған "Бала дауысы" жобасының іріктеу кезеңдерін өткізеді

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. "Бала дауысы" Ұлттық балалар ән байқауының екінші маусымының басталуына арналған баспасөз конференциясында байқау туралы Әлия Назарбаеваның "Жандану әлемі" қорының басқарма төрағасы Мұрат Исаханов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразхан, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Айсұлу Тәни айтып берді, деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметі.

A’Studio Ты супер! жобасында жерлесі Рано Сабанкұловаға қолдау көрсетті - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
A’Studio "Ты супер!" жобасында жерлесі Рано Сабанкұловаға қолдау көрсетті

Әлия Назарбаеваның "Жандану әлемі" Қорының бірегей жобасы Ұлттық "Бала Дауысы" балалар ән байқауының екінші маусымы 12 мамыр, Павлодар қаласы, Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді. Еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы осы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен өтеді.

"Байқаудың негізгі мақсаты — біздің көпұлтты елімізде тұратын халықтардың тілдерінде, балаларға арналған жаңа әндер арқылы балалар музыкалық шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету", — делінген баспасөз хабарламасында.

"Бала дауысы" байқауының ашылуына арналған қайырымдылық концерті, 13 мамырдан 29 қазанға дейін созылатын республикалық шығармашылық марафонның бастауы болады.

Рома Корнеев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Ты супер!" конкурсының қатысушысы Рома Корнеев Алматыға оралды

Баспасөз хабарламасында атап өтілгендей, жобаның идея авторы Әлия Нұрсұлтанқызы мен Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы "Бала дауысы — 2017" байқауына бастау береді. Мәдениет сарайы сахнасында кең байтақ еліміздің түкпір – түкпірінен келетін бірінші маусымның 23 финалисті өнер көрсетеді. Байқаудың 2 – ші маусымы Павлодар қаласында бастауын алуы кездейсоқ емес. "Бала дауысы — 2016" байқауының жеңімпаздары павлодарлық кішкентай жұлдыздар – Мерхат Жылқыбаев пен Мария Затварницкая.

13 мамыр – 22 маусым аралығында танымал музыканттар, композиторлар мен продюсерлерден тұратын "Жандану әлемі" Қорының шығармашылық тобы еліміздің барлық аймақтарында, Астана және Алматы қалаларында 7 және 13 жас аралығындағы өнерсүйер дараларға арналған "Бала дауысы" жобасының іріктеу кезеңдерін өткізеді. Әр қатысушыға естелік сыйлықтар мен жобаға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі. Ал, музыка пәні мұғалімдеріне арнайы баларға арналған жаңа ән жинақ тапсырылады. Іріктеудің ең жарқын сәттері 2 қыркүйек пен 21 қазан аралығында байқаудың күнделіктерінде, жобаның ақпараттық серіктесі — КТК арнасының эфирінен көрсетіледі.

"Күз айында еліміздің үздік 16 дауысы "Бала дауысы" ән мектебінде, Алатау тауларының баурайында орналасқан "Бөбек" Ұлттық орталығында бас қосады. Күнделікті, кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды Супер-финалдың телевизиялық түсірілімдеріне дайындайды. 27, 28 және 29 қазан күндері "Алматы Арена" мұз сарайында байқаудың Супер-финалы өтеді. Көрермендер қазақ эстарада жұлдыздарының және байқау финалисттерінің қатысуымен өтетін үш жарқын және қайталанбас кештің куәгері бола алады. Байқаудың барлық ақтық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және смс-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды", — деп мәлімет берді Орталық коммуникациялар қызметі.

Барлық 16 финалисттер арнайы сыйлықпен марапатталып, ең үздік деп танылған Бала дауысы еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға Грант және ертегі әлемі Диснейлендке саяхат жолдамасын иеленеді.

Жаңалықтар
0