Мәдениет

Димаштың америкалық тыңдарманы көлігінің нөміріне DIMASH деп жазып алған

© Photo : Алёны Ткаченконың Facebook-тегі парақшасынанДимаштың америкалық тыңдарманы әншінің концертін тамашалау үшін Астанаға арнайы келді
Димаштың америкалық тыңдарманы әншінің концертін тамашалау үшін Астанаға арнайы келді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайберген 58 жастағы америкалық фанатымен кездесті

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Димаш Құдайберген сүйікті әншісінің жеке концертін тамашалау үшін Астанаға арнайы келген 58 жастағы фанатымен кездесті.

"Димаштың концертіне мұхит асып арнайылап Америкадан жəне Якутиядан ұшып келген жанкүйерлермен. Бір қызығы, америкалық қонақ өз көлігінің номерін арнайы сертификатпен DIMASH деп алған екен. Соны бізге ала келіпті", — деп жазады Димаштың ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар инстаграмдағы парақшада.

Айта кетейік, Аризона штатындағы Седона қаласының тұрғыны Алиса Келлогг 27 маусымда "Астана Аренада" өтетін Димаш Құдайбергеновтің концертін тамашалау үшін Астанаға арнайы келді. 58 жастағы әйел Димаштың АҚШ-тағы фанклубын басқарады екен.

Жаңалықтар
0