Мәдениет

Голливуд жұлдыздары Кейдж, Броуди, Малкович Астанаға келеді

© Sputnik / Асатур Есаянц / Медиабанкке өтуЭдриан Броуди
Эдриан Броуди - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада өтетін "Еуразия" кинофестиваліне Голливуд жұлдыздары келеді

АСТАНА, 12 шілде  – Sputnik. "Оскар" және "Алтын Глобус" иегері Николас Кейдж Астанаға келеді. Онымен бірге әріптестері Голливудтың атақты жұлдызы Джон Малкович пен "Оскар" және "Сезар" иегері, "Пианист" фильмндегі музыкант Владислава Шпильманның рөлін сомдаған Эдриан Броуди келеді.

Әсет Исекешев пен Кэри-Хироюки Тагава - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әкімі Әсет Исекешев Голливуд жұлдыздарымен кездесті

Шетелдік қонақтар Астанада 22-28 шілдеде өтетін XIII "Еуразия" халықаралық кинофестиваліне келмек. 

"XIII "Еуразия" халықаралық кинофестивалі 2016-2017 жылдары түсірілген фильмдерді кең көлемде назарларыңызға ұсынады.  Конкурстық және конкурстан тыс секцияларға толықметражды және қысқа метражды картиналар, авторлық және жанрлық фильмдер кіреді. Қазақстанның, Орта Азияның фильмдері көрсетіліп, "Тұлпар" ұлттық сыйлығы ұсынылады. 

Кинофестивалге Николас Кейдж, Джон Малкович және Эдриан Броуди, америкалық актриса Бай Лин, продюсер Марко Мюллер келеді", — деп хабарлайды фестиваль ұйымдастырушылары. 

Жаңалықтар
0