Мәдениет

Димаш Қытайда тағы бір ән байқауын жеңіп алды

Жазылу
Әлемді мойындатқан қазақ әншісі қолдау көрсеткен фанаттарына алғысын жеткізді

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Жас әнші Димаш Құдайберген Пекинде өткен Азияның жаңа әндері байқауын жеңіп алды.

Қазақстандық жас орындаушы "Жылдың үздік шетелдік шығармашылық тұлғасы" номинациясында жеңімпаз атанған.

"Баршаларыңызға рахмет. Бүгін мен "ASIA NEW SONG" халықаралық фестивалінде жеңімпаз атандым. Сіздерді қатты жақсы көремін, Dears!", — деп жазды Димаш әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ, дарынды әнші Астана дауысы" фестивалiнің жүлдегері атанды.

 

Жаңалықтар
0