21:13 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Кейкі батыр зираты

Кейкі батырдың сүйегі Қостанай облысында жерленген

© Foto: Блог Амандыка Амирхамзина на Your Vision
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
33 0 0

Батырдың сүйегі оның туған жері – Қостанай облысының Тасты ауылында жерленген

АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Кейкі батырды еске алуға қатысты салтанатты шаралар оның туған жері Қостанай облысындағы Амангелді ауданының Тасты ауылында және Арқалық қаласында өткізілді. 

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова өз сөзінде, қазақ батырын еске алуға  арналған шаралар халықымыздың бірлігі мен ұлттық рухын қалыптастыру жолында атқаратын қоғамдық-саяси рөлі жоғары екенін атап өтті. 

Венгрияда Кейкі батыр бейнесін қалпына келтіру жұмыстары басталды
© Foto: официальный аккаунт посла Казахстана в Венгрии Нурбаха Рустемова в Facebook

Жерлеу рәсімі аяқталған соң, Арқалық қаласындағы Жасөспірімдер театрында батырдың өміріне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Қостанай облысының шығармашылық ұжымдары "Кейкі батыр" атты театрландырылған спектакль көрсетті. 

Салтанатты іс-шараға ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдардың жетекшілері, қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, тарихшылар, шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдері қатысты. 

Кейкі батыр — 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі көтерілісшілер жасағының басшысы. Қазан төңкерісін мойындамаған батыр, 1923 жылы Қызыл әскер жауынгерлері қолынан қаза тапты. 

Оның бас сүйегі Ресейдегі Кунсткамераға жіберілген болатын. Кейкі батырдың бас сүйегін Қазақстанға қайтару мәселесі былтырғы жылы жазда премьер-министр болған Кәрім Мәсімовтың Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен болған кездесу барысында талқыланып, ресейлік премьер өз тарапына ықпал ету туралы уәде берген еді.  

 

Кейкі батырдың бас сүйегі Санкт-Петербургтен былтыр күзде Астанаға әкелінді.  


Басты тақырыптар