05:22 22 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.42
  • EUR417.41
  • RUB6.09
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
260 0 0

Ернұр Қарықбол – "Салтанат" мемлекеттік би ансамблінің әртісі

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. 2017 жылдың 15-18 қазанында Шешен Республикасының мәдениет министрлігінің қолдауымен Грозный қаласында әйгілі биші, аты аңызға айналған Махмуд Эсамбаев атындағы IX Халықаралық бишілер конкурсы өтті. Аталмыш конкурсқа 16 елдің өкілдері қатысты. Олар Ресей, Грузия, Татарстан, Беларусь, Қалмық Республикасы, Солтүстік Осетия-Алания, Дағыстан және т.б. 

Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Салтанат» би ансамблінің белді артисі Ернұр Қарықбол қатысты. 

Ернұр Қарықбол жеке би номинациясында «Моңғол» және «Аққу» билерін орындады. Шетел елдерден келген орындаушылардың шеберлігіне қарамастан, ол өте жоғары профессионалдық техникалық деңгейде орындауымен ерекше әділ-қазылардың көзіне түсті.

Осылайша, Ернұр Қарықбол Махмуд Эсамбаев атындағы IX Халықаралық бишілер фестиваль-конкурстың Гран-При жүлдегері болып атанды. 

Жүлдені Шешен Республикасының Президенті Қадыров Рамзан Ахматұлы өз қолымен табыстады. Конкурстың салтанатты жабылу рәсімі Ернұр Қарықболдың орындауындағы «Моңғол» биімен аяқталды.

Ернұр Қарықбол ҚР «Салтанат» би ансамблінің көркемдік жетекшісі-бас балетмейстер, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Гүлсәуле Орумбаеваның шәкірті. Аталмыш жүлделер және әділ – қазылардың шешімі ұстаздың халықаралық дәрежедегі жоғары бағасы болып табылады.


Загрузка...

Басты тақырып