Мәдениет

Астананың "Спарта" КВН командасы Жоғарғы лиганың финалына шықты

© Photo : аккаунт команды КВН "Спарта Номад" Астана в соцсетяхАстананың "Спарта Номад" КВН командасы
Астананың Спарта Номад КВН командасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоғарғы лиганың ақтық сынында бес команда жеңіске таласады

АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Астананың "Спарта" КВН командасы Жоғарғы Лиганың финалына шықты, деп жазылған КВН халықаралық одағының сайтында. 

Екінші жартылай финалда бес команда сынға түсті. Командалар төрт байқауда – сәлемдесу, биатлон, видеоблог және музыкалық фристайлда тартысты. Ойынның қорытындысы бойынша үш команда финалға шықты. 

Бірінші жартылай финал бір апта бұрын өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша бес команданың екеуі үздік деп танылды. 

Сонымен, финалда Мәскеудің мемлекеттік циркінің құрамасы, "Спарта Номад" (Астана), "Плюшки" (Тверь), "Радио Свобода" (Ярославль) және "Раисы" (Иркутск) командалары жеңіске таласады. 


Жаңалықтар
0