10:07 20 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
909 0 0

Жұлдыз Қайрат Нұртаспен бірге ән шырқап, оның кешін жүргізді

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Алғашқыда актриса ретінде тұсауы кесілген Жұлдыз Әбдікәрімова, дүйім жұртқа тағы бір қырымен танылды. Қайратпен гастрольдік сапарда жүрген ол бұл жолы хитменмен қосыла ән шырқаған, деп хабарлайды Ревю бағдарламасы. 

Жұлдызды дуэттің алғашқы әні "Махаббатым менің" деп аталады. Қайраттың гастрөлдік сапарында кеш тізгінін қолына алған Әбдікәрімованы, ақтөбелік тыңдарман ерекше ықыласпен қарсы алған. Ал, келінін жаңа қырынан таныту Гүлзира Айдарбекованың идеясынан туындапты. 

"Жүргізушілік енді өзінің бойында бар. Оқығаннан кейін, өнер жағынан шеберлігі өте жоғары деп ойлаймын Жұлдыздың", — дейді Гүлзира Айдарбекова.

"Арман"  картинасы арқылы танымалдығы артқан актрисаның  соңынан түрлі қауесеттер де ерген болатын. Келінінің эксклюзивті сұхбатын "саудаға салды" деп жақында ғана Гүлзира ханым да сын садағына іліккен еді.

"Бізге негізі біраз адамдар "Қазір сұхбат бермейміз" деген кезде, сұхбатын осыншама ақшаға берсеңіздер деп ұсыныс тастаған болатын. Сол әңгімені дүрліктіріп, біреу әдейі шығарған ғой. Қай жерден мін тағамын деушілер көп. Сондықтан мен оған таң қалмаймын", — дейді ол. 

Бірақ Жұлдызды жұртшылыққа жақынырақ таныстыру пысық продюсердің жоспарында бар. Алайда, дәл қазір әнсапарда жүрген Әбдікәрімованың, БАҚ өкілдерімен жүздесуге уақыты тапшы болып тұр.

"Қазір Жұлдыздың қолы тимей жатыр. Енді қанша жылдан бері Қайратты қолдап келді. Халыққа Жұлдыз да жақын таныс болсын деген ниетпен оны жүргізуші ретінде Қайратпен қосып жібердік", — деп ағынан жарылды продюсер.

Кілт сөздер:
Жұлдыз Әбдікәрімова, Қайрат Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып