16:48 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Асық

Қазақтың ұлттық ойыны ЮНЕСКО тізіміне енді

© Foto: "Самрук-Казына"
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
8 0 0

ЮНЕСКО пайымдауынша, ойын адамдар арасындағы сыйластық пен достықтың жақсы үлгісі бола алады

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Қазақтың асық ату ойыны ЮНЕСКО ұсынған адмазаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енді, деп хабарлады ұйым баспасөз қызметі.

Тізімге материалдық емес мәдени мұраның алуан түрін көрсетіп, олардың маңыздылығын танытуға бағытталған. ЮНЕСКО атап өткендей, асықты негізінен 4 пен 18 жас аралығындағы балалар ойнайды, соған қарамастан жастар мен ересектер де қатысып жатады.

"Ойын сыйластықтың, бірлік мен достықтың тамаша үлгісі. Ойын дәстүрі ересек балалардың інілерін қадағалауы барсында ұрпақтан ұрпаққа беріледі", — делінген хабарламада.

Қазақстанның спорт және дене шынықтыру бойынша комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазірде адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне бірнеше номинация енгізілген.

Олардың арасында — "Домбырамен күй шерту" (2014 жыл), "Қазақ күресі" (2016 жыл), "Киіз үй жасау әдісі" (2014 жыл) және "Айтыс " (2015 жыл). Сонымен бірге 2016 жылы тізімге "Наурыз", "Бүркітпен аң аулау", "Қатырма нан" енгізілген. 


Басты тақырыптар