Мәдениет

Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия Төлешовамен кездесті

© SputnikДанэлия Төлешова
Данэлия Төлешова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Данэлия Төлешова Eurovision Junior байқауына қатысу үшін бақ сынамақ

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Он жасар алматылық қыз Данэлия Төлешова "Голос. Дети" украиналық шоуында жеңіске жетіп, келер жылы "Eurovision Junior" музыкалық байқауының кастингіне қатыспақ.

Данэлия Төлешов Голос.Дiти шоуында бірінші орын алды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Данэлия Төлешова "Голос.Дiти" шоуында жеңіске жетті

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі жас әншімен кездесу барысында 31 арна басшысы Бағдат Қожахметов алдағы байқау туралы хабарлады.  

"Биыл қараша айында біз жеті баланы Грузияға апардық, олардың арасында ағайынды Жүгінісовтер мен Данэлия болды. Олар еуроклуб аясында өнер көрсетіп, сол жерде Eurovision Junior жұмыс комитеті қатысушыларды қарады. Биыл 16 ел қатысып, тағы екі ел – Израиль мен Қазақстан келесі жылы Минскіде өтетін байқауға қатысуға өтініш берді", — деп хабарлады "31 арна" бас директоры алда келе жатқан шара туралы әңгімелеп.

Оның айтуынша, ұлттық кастинг бірінші жартыжылдықта өтеді, соның нәтижесі бойынша дауыс беру арқылы Минскідегі байқауда Қазақстанның намысын қорғайтын қатысушы анықталады.

© SputnikДанэлия Төлешова анасымен
Данэлия Төлешова анасымен - Sputnik Қазақстан
1/2
Данэлия Төлешова анасымен
© SputnikМәдениет министрі Данэлия Төлешоваға сыйлық пен гүл ұсынды
Мәдениет министрі Данэлия Төлешоваға сыйлық пен гүл ұсынды - Sputnik Қазақстан
2/2
Мәдениет министрі Данэлия Төлешоваға сыйлық пен гүл ұсынды
1/2
Данэлия Төлешова анасымен
2/2
Мәдениет министрі Данэлия Төлешоваға сыйлық пен гүл ұсынды
Жаңалықтар
0