Мәдениет

Назарбаевтың рөлін сомдаушы актерге түсірілім кезінде 50 рет грим жасалған

© Photo : presidentlibrary.kzҚазір "Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде" фильмі түсіріліп жатыр
Қазір Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде фильмі түсіріліп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір "Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде" фильмі түсіріліп жатыр. Бұл Назарбаев туралы киноэпопеяның алтыншы бөлімі

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. "Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде" фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаушы актер Мұрат Ахманов түсірілімнің 50 күнінде 50-ге жуық грим жасатқан. 

Британиялық гример Марк Кульер кәсіби грим жасаудың қиын екенін мойындап, актердің бет-әлпетін мұқият зерттеуге байланысты екенін атап өтті.

"Гримді әзірлеуге 6-8 аптадай кетеді. Арнайы пішін дайындалған соң, оған силикон құйып, тері бөліктерімен қаптайды. Түсірілім өткен 50 күнде басты кейіпкер 50-ге жуық құлақ-мұрынды киіп көрді", — дейді Кульер Қазақстанның Тұңғыш президенті кітапханасының сайтында жарияланған сұхбатта.

Картина режиссері Ақан Сатаевтың сөзіне сүйенсек, Елбасы туралы киноэпопеяның алтыншы бөлімі жартылай түсіріліп болды. Қазір Назарбаев атындағы кітапхана музейінде түсірілім жүріп жатыр.

© Photo : PRESIDENTLIBRARY.KZ"Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде" фильмінің түсірілімі
Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде фильмінің түсірілімі - Sputnik Қазақстан
"Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде" фильмінің түсірілімі

Алтыншы бөлім елордамыз – Астананың 1994 жылдан бастап қазіргі күнге дейін даму кезеңі туралы баяндайды.

Жаңалықтар
0