01:18 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Баян Алагөзова

"Қазақ аруы" кастингіне келген қыздарды Баян Алагөзова қуып шықты

© Sputnik / Ксения Воронина
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
305610

Продюсер Конституция күнін білмеген қыздарды кастингтен қуып шықты

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. "Қазақ аруы" қандай болуы керек?! Баян Алагөзова бұрымдылар арасында ауқымды кастинг жариялағанымен, ақылына көркі сай сұлуды таппай әбігерге түсуде. Өйткені іріктеуде қойылған сауалдарға мардымды жауап жоқ. Бұл туралы НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтылды. 

Сегізінші мәрте ұйымдастырылып отырған арулар байқауының қатысушыларға қояр талаптары қаз-қалпында қалғанымен, доданың шекарасы кеңеюде. Иә, осы жылы сұлулар сайысы халықаралық деңгейде өтеді. Яғни, Баянның жобасына Моңғолия, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстанда тұратын қазақ тілді қыздар да қатыса алады.

"Бұл идея қателеспесем осыдан 5 жыл бұрын туындаған болатын. Сол кезде, дәл осы сайысты халықаралық деңгейде өткізу керектігін ұқтым. Біз Қазақстандағы кастинг аяқталғаннан кейін, өзге елдегі іріктеуді бастаймыз. Жақын күндері сапарға шығамыз", — дейді продюсер Баян Алагөзова. 

Іріктеуге келген үміткерлерге Қазақстан тарихынан сауалдар қойылып, ұлттық салт-дәстүрге және танымал тұлғалардың шығармашылығына шолу жасалады.  

"Жеті қазынаны" атай алмайды ешқайсысы. Қара сөздің авторы кім деп сұрағанда, ойланып қалған кезде, "инфаркт" болып қала жаздайсың. Сосын көбісі өтірік айтады. Менің ең жек көретін нәрсем. Ол көрерменге де бірден белгілі болып тұрады", — дейді журналист Перизат Мырзахмет. 

Осы орайда біз де қатысушылар арасында арнайы сауалнама жүргізіп көрдік. Бұрымдылар 1995 жылдың 30-шы тамызында қабылданған ата заңымыздан да бейхабар болып шықты.

Жыл сайын 6 шілдеде Астана күні тойланатынын біледі ме екен?

Көп қатысушы бұл кастингтің бірінші кезеңінде-ақ тығырыққа тірелген. Бүгінде Баян бастаған команда әлі де лайықты үміткерлерді іздестіруде.


Кілт сөздер:
қазақ қыздары, кастинг, продюсер, Қазақ аруы, Баян Алагөзова
Загрузка...

Басты тақырып