Мәдениет

Баян Алагөзова жаңа фильмінің даулы трейлерін жариялады

© Sputnik / Ксения ВоронинаБаян Алагөзова
Баян Алагөзова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Сиситай" картинасы үлкен экранға 8 наурызда жол тартады

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Белгілі продюсер Баян Алагөзова түсірген "Сиситай" мюзиклінің ресми трейлері шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Баян Мақсатқызының жаңа картинасы комедиялық мюзикл жанрында түсірілген. Фильм Алматыда бір ай бойы түсірілді. 

Баян Алагөзова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Қазақ аруы" кастингіне келген қыздарды Баян Алагөзова қуып шықты

"Сиситай" – әнші болғысы келетін Сиситай есімді қыздың әсерлі хикаясы. Әкесі қызының ән айтқанын қаламайды, бірақ тағдырдың қалауымен Сиситай бір продюсермен танысады. Осыдан кейін бойжеткен музыка үшін жаралғанын дәлелдеуге тырысады.

Картинадағы Сиситай рөлін Әйгерім Мергенбаева сомдады. Сондай-ақ, фильмге Баян Мақсатқызы мен Тұрсынғали Алагөзов, Кәмшат Жолдыбаева, "Алау" тобының әншілері түсті.

"Сиситай" фильмі 2018 жылдың 8 наурызында көрермендерге жол тартады.

 

Жаңалықтар
0