Мәдениет

Тәуекел Мүсілім Жанар Дұғаловамен қандай байланысы барын айтты

© Photo : Кадр фильма"В поисках мамы" фильмінен кадрлар
В поисках мамы фильмінен кадрлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы уақытта жұрт Тәуекел Мүсілім мен Жанар Дұғалова арасындағы "махаббат хикаясы" туралы көп айтып жүр

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Белгілі актер Тәуекел Мүсілім әнші Жанар Дұғаловамен арада қандай байланысы барын айтты. 

"Күні кеше қырағы паппараццидің құрығына жұлдыздар қауымы емес, мына мен түстім. Кезекті шаралардың бірінде Жанар Дұғалова екеуімізді қатар байқап қалған журналистер қауымы, бізді сан сұрақтың астына алды. Жұрттың сөзінен жалыққандықтан, бар шындықты жайып салуыма тура келді", — дейді Тәуекел Мүсілім "Ревю" бағдарламасында.

Тосыннан түсірілген кадрлар кейін қос жұлдыздың да тыныштығын қашырған. Шетелде бейқам демалып жүрген екеуінің видеосы желіге тарап кетісімен-ақ, жұрт оларды дереу жұптастырып та үлгерді. 

Кадр фильма В поисках мамы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тәуекел Мүсілім: қазақ қыздарын шетелдіктерге беріп қойған өзіміз кінәліміз

Алайда, кейбір қырағылар жаңа махаббат хикаясының шикілігін бірден сезген. Себебі бұл, "Clear" сусабынының сәтті жасалған пиар қадамының бірі ғана.

"Бастапқыда Жанар туралы ешкімге айтқан жоқпыз. Және сондай бір әңгіме болсын, жұрт қызықсын деп, Жанар екеуіміз кездесіп жатырмыз деп қауесет жібердік. Дегенмен, ол өзі бір ықпалын жасады. Адамдар екеуің үйленіп қойдыңдар ма деп сұрай бастады", — дейді Тәуекел Мүслім.

Қызыққұмар көпшілік Жанар Дұғаловаға да маза бермеген.

"Әрине көптеген смстер келді маған. Қыздардан көп келді. "Бірге жүресіздер ме, Тәуекелге тұрмысқа шығайын деп жатырсың ба" деп бәрі сұрады", — дейді Жанар Дұғалова.

Осы сарындағы сансыз сұраққа, қос жұлдыз жалғыз бейнероликпен жауап беруді жөн көрді.

"Ынтымақтастығымыздың нәтижесі сәтті болады деген сенімдемін. Жобада ат салысқаны үшін, жұлдыздарға алғысымды білдіремін", — деді Unilever Kazakhstan компаниясының бас директоры Бану Дуюлду. 

Компания өкілдері қолаң шашты Жанармен серіктестігін келешекте де жалғастыра бермек.


Жаңалықтар
0