Мәдениет

"Астана-Опера" театры қазақ классикасының жауһарын сахналайды

© www.astanaopera.kz"Астана Опера" театры
Астана Опера театры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астана-Опера" театры бірегей спектакль ұсынады

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. "Астана-Опера" театры Мұқан Төлебаевтың "Біржан — Сара" операсына дайындықты аяқтады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Астана Опера театры Пласидо Домингоның ұлына қатты ұнады - Sputnik Қазақстан
Видео
"Астана Опера" театры Пласидо Домингоның ұлына қатты ұнады

20-21 сәуірде "Астана Опера" театрының сахнасында көрерменге қазақ классикасының жауһары "Біржан — Сара" операсы қойылады.

Дайындыққа кеткен айлар бекер өткен жоқ. Костюмдер тігілген, көп түсті заманға сай декорациялар бұл спектакльді еуропалық аумақтағы нағыз эксклюзивке айналдырса керек.

"Біржан — Сара" операсы — қазақ опера өнерінің орасан зор жетістігі. Жаңа технологиялық мүмкіндіктер, Мұқан Төлебаевтың керемет музыкасы, екі дарынды жастың өшпес махаббат тарихы сияқты белгілер бұл операны әлемдік опера өнері тұрғысынан биікке шығарады. Спектакльді қойған кезде, ең алдымен сазгердің баға жетпес әуенді сыйы негіз болған музыкадан бастау алдық. Жаңа музыкалық сахналық редакцияда сценография, режиссерлік табыс пен музыка сәтті үйлесім тапқан", — деп атап өтті режиссер Асхат Маемиров.

Басты рөлді Біржан мен Сара партияларын көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары Мейір Байнеш, Бейімбет Таңарықов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы және Жаннат Бақтай орындайды.

 

Жаңалықтар
0