Мәдениет

Наzима Black Star қатарына қосылды

Жазылу
"Песни" шоуының қатысушысы Нәзима Жәнібекова Тиматимен шартқа қол қойды

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Қазақстандық әнші, "Песни" (ТНТ) шоуының финалисі Нәзима Жәнібекова Black Star командасының мүшесі атанды. Бұл жайынша әнші Instagram парақшасында хабарлаған.

"Песни" жобасында Нәзима ең мықты қатысушылардың бірі болды, Тимати оны шоудың үздік әншісі деп атап, үнемі мақтап отыратын. Оның орындауындағы әндерді YouTube желісінде миллиондаған адам тыңдайды.

Black Star — танымал хип-хоп әнші әрі продюсер Тимати негізін қалаған ресейлік продюсерлік компания.


Жаңалықтар
0