Мәдениет

Димаш өмірімді түбегейлі өзгертті – фанаттардың жан тебірентерлік естеліктері

© Sputnik / Асем МиржекееваДимаштың тыңдармандарымен кездесуі
Димаштың тыңдармандарымен кездесуі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшісі Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің фанаттарымен үш күн бойы бірге жүріп, қазақстандық әншінің дарыны мен шығармашылығына, туған жері мен мәдениетіне деген шексіз сүйіспеншіліктің куәсі болды

АҚТӨБЕ, 6 маусым — Sputnik. Әлемдегі миллиондаған адамның сүйікті әншісіне айналған Димаш Құдайберген Қазақстандағы туризм елшісі атанды, ол енді қаншама туристі елімізге тарта алады. 

Жас әрі дарынды әншіге үміт артып отырған Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Димаш Қазақстанның айрықша мәдениеті мен әсем табиғатын бүкіл әлемге паш етеді деп сенеді.

© Sputnik / Асем МиржекееваДимашпен кездесуге тыңдармандар мұқият дайындалды
Димашпен кездесуге тыңдармандар мұқият дайындалды - Sputnik Қазақстан
Димашпен кездесуге тыңдармандар мұқият дайындалды

Жас әнші үкілеген үмітті ақтай ма? Туристер әртістің арқасында Қазақ елін тани ала ма? Қалай болғанда да, қазір оның сансыз көп тыңдарманы Қазақстанның көк туына ерекше тебіреніспен қарап, Димаштың концертіне қазақтың ұлттық киімдерін сатып алып жатыр.

Димаштың отанына сапар

Жаңа Зеландия, Жапония, Америка Құрама Штаттары, Франция, Малайзия және тағы басқа елдерден Димаштың фанаттары Қазақстанға ұшып келді.

Жас әншінің отызға тарта фанклубында тыңдармандар саны бес миллионнға жетеді.

"Біз "Димаштың отаны" атты промо-тур бастауды жөн көрдік, мұнда туристер Қазақстанның үш қаласы – Астана, Ақтөбе, Алматыны аралайды", — деді  Kazakh Tourism ұлттық компаниясы төрағасы Рашид Күзембаев Димаштың фанаттарымен кездесуде.

Оның айтуынша, бұл идея жайдан-жай пайда болмаған көрінеді, өйткені Димаш қайда өнер көрсетсе де, тыңдармандарын Қазақстанға шақырып жүреді.

"Күн сайын танымалдығы артып келеді, сондықтан бұл турдың болашағы зор деп білеміз", — деді ол.

© Sputnik / Асем Миржекеева"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының төрағасы Рашид Күзембаев "Димаштың отаны" туры танымал болады деп санайды
Kazakh Tourism ұлттық компаниясының төрағасы Рашид Күзембаев Димаштың отаны туры танымал болады деп санайды - Sputnik Қазақстан
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының төрағасы Рашид Күзембаев "Димаштың отаны" туры танымал болады деп санайды

Күзембаевтың пайымдауынша, алдағы уақытта Димаштың өнеріне тәнті тыңдармандардың 10%-ы Қазақстанға келсе, елімізді әлемге таныстыруда елеулі жетістік болмақ.

Dears, thank you!

Осы үш сөзді Димаш концерттерінде жиі айтады. Шетелдік фанаттары өздерін осылай "Dears" (Жандарым) деп атағанды жөн көріпті.

© Sputnik / Асем МиржекееваДимаштың шетелдік фанаттармен кездесуі
Димаштың шетелдік фанаттармен кездесуі - Sputnik Қазақстан
Димаштың шетелдік фанаттармен кездесуі
 

Бір байқағанымыз, жас әнші фанаттарымен кездескенде өте байыпты, ұстамды, көп сөйлей қоймайды, бірақ естелік селфиге түсіп, автограф беруден ешқашан бас тартқан емес.

Ақтөбеде Димаштың фанаттарымен кездесуіне БАҚ өкілдері бастан-аяқ қатыса алған жоқ. Кездесудің басым бөлігі жабық өтті. 

Шетелдік қонақтармен кездесуге музыканттың бүкіл отбасы келді  – атасы, апасы, әкесі, анасы, қарындасы мен інісі. Залға Димаштың өзі кіріп келгенде, бәрі бір сәтке тым-тырыс болып, сүйікті әншісін көрген өнер сүйер қауымның үні шықпай қалғандай болды. Сол мезетте фанаттар ду қол шапалақ соғып, қошемет көрсете бастады.

© Sputnik / Асем МиржекееваДимаштың шетелдік фанаттармен кездесуі
Димаштың шетелдік фанаттармен кездесуі - Sputnik Қазақстан
Димаштың шетелдік фанаттармен кездесуі

Тыңдармандарға жас әртістің өміріне қатысты жайттардың бәрі қызық: алдағы шығармашылық жоспары, концерттік бағдарламасы, сапарлары және тіпті қазіргі көңіл күйі. Жұрттың назарынан аздап шаршағандай көрінген Димаш фан-клуб жетекшілерінің сұрақтарына асықпай жауап беріп отырды. Кездесу жаппай селфи түсумен аяқталып, суреттер сол сәтте жаһандық Желіде шартарапқа тарап жатты.

Мұхиттың ар жағындағы қара дақ

Димаштың шығармашылығымен етене таныс емес жандар сүйікті әншісінің концерті үшін мұхит асып, оның туған жеріне сапар шеккен тыңдармандарға таңғалатын шығар.

© Sputnik / Асем МиржекееваДимаштың шетелдік фанаттармен кездесуі
Димаштың шетелдік фанаттармен кездесуі - Sputnik Қазақстан
Димаштың шетелдік фанаттармен кездесуі

Димаштың АҚШ-тағы фанаттар клубының басшысы Алиса Келлог Қазақстанға осымен екінші рет келіп отыр. 61 жастағы Аризона тұрғыны былтыр да бар шаруасын тастап, Астанаға Димаштың концертіне ұшып келген болатын. Бір қызығы, бұл батылдығына өзі де таңғалады. 

"Бұрын картада Ресей мен Қытай арасында бір ел барын білетінмін, бірақ одан басқа тереңірек мағлұмат алмадым. Күндердің бір күнінде Қазақстанға келіп, кейін осы елге қайта-қайта сапарға аттанамын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті ", — дейді Алиса Келлог ағынан жарылып.

Алисаның айтуынша, Димаштың шығармашылығы оны шын жүректен тәнті етті.

"Ол ғарыш сияқты, бәлкім, одан да ғаламат шығар. Менің болмысымды өзгертті. Түсінесіздер ме?" — деп Алиса жан тебіренісін жеткізуге тырысты.

Сүйікті әншісі мен оның елі жайында Алиса сағаттап сыр шертуге дайын.

"Қазақстанға келгенде, халықтың мәдениеті, менталитеті мен тыныс-тіршілігі қайталанбас әсер қалдырды. Алғашқы күннен қонақжай әрі ақкөңіл халық екенін байқадым. Тағы бір айтарым, елдеріңізде еркіндік сезіледі әрі жүздеріңіз бал-бұл жанып тұрады", — дейді ол.

Фанаттардың бастан кешкен оқиғалары

Димаштың қонақтары Ақтөбеге келгенде қалада "Бақытты бала" атты алғашқы халықаралық байқау өтіп жатты. Димаш конкурстың құрметті қонағы еді. Байқауға әртүрлі елдерден дарынды балалар қатысқан. Концертке әншінің тыңдармандары үлкен гүлшоқтарын құшақтап, қазақ камзолдарын киіп келді.

Димаш сахнада үш әнін орындап, көрермендер зор ықыласпен, қошемет көрсете отырып тыңдады. Концерттен кейін тыңдармандар әншіні сыртта тағатсыздана күтіп тұрды.

"Димаш үйленсе қайтесіздер?" — деп сұрадық фанат қыздардан.

Олар бәрі бірге "қуанамыз" деп шуласты.

© Sputnik / Асем МиржекееваПольшадан келген Моника Василевски
Польшадан келген Моника Василевски  - Sputnik Қазақстан
Польшадан келген Моника Василевски

"Білсеңіз, басым көпшілігіміздің күйеуіміз, отбасымыз бар. Біз Димашқа болашақ жар ретінде қарамаймыз, оның дарынына басымызды иеміз. Жас қыздар оған тұрмысқа шығуды армандайтын шығар, бірақ біз емес. Үйленсе, қуанышына ортақпыз", — дейді Польшадан келген Моника Василевски.

Қазақ әншісінің шығармашылығымен танысуда әр клуб басшысының сыры бөлек.

© Sputnik / Асем МиржекееваЖаңа Зеландияның 63 жастағы тұрғыны Анита Рай Уорд
Жаңа Зеландияның 63 жастағы тұрғыны Анита  Рай Уорд  - Sputnik Қазақстан
Жаңа Зеландияның 63 жастағы тұрғыны Анита Рай Уорд

Жаңа Зеландияның 63 жастағы тұрғыны Анита  Рай Уорд үшін Димаштың өнері жанға дауа болған екен. Қатерлі ісік дертіне шалдыққанына қарамастан әйел адам кумирімен кездесу үшін алысқа сапар шеккен.

© Sputnik / Асем МиржекееваАмерикалық Алиса Келлог пен жапон Юрико Ширао
Америкалық  Алиса Келлог пен жапон Юрико Ширао - Sputnik Қазақстан
Америкалық Алиса Келлог пен жапон Юрико Ширао

Жапон фан-клубының негізін қалаушы Юрико Ширао Димаш жайында қазақстандық достарының арқасында біліпті.

"Қазақстанда тұратын досым бар, бір жолы қазақстандық топқа тіркелдім. Олар Димаштың орындауындағы "Адажио" әнін жариялапты. Бұл мен үшін бір жаңалық, өмірімнің жаңа кезеңі болды, — дейді Юрико. — Қазақстан – тамаша ел. Ақтөбе қаласы да қатты ұнады. Ерекше сезімге бөленіп, өз үйімде жүргендеймін".

Димаштың тағы бір фанаты – алматылық Нина Бугайченконың өмірін әншінің шығармашылығы түбегейлі өзгерткен.

"Күйеуім қайтыс болғаннан кейін, өмірімнің мәнін жоғалтқан едім. Бір күні түнде YouTube-тен Димаш орындаған әннің видеосын көрдім. Сол түні интернеттен жас жігіт туралы барлығын қарап шығып, оның дарынына сүйсініп, өмірге қайта келгендей болдым. Ұшаққа отырып, басқа қалаға аттанамын деп ешқашан ойламаппын, бірақ қазір осындамын", — дейді тыңдарман.

Нинаның пікірінше, Димаш – әлемдік деңгейдегі жұлдыз, Қазақстан туралы үнемі ерекше сүйіспеншілікпен әңгімелейтін жас әншінің арқасында туристер легі елімізге ағылуы әбден мүмкін.

Неге ол жайында бұрын естімегенбіз?

"Димаш Достар" қазақстандық фан-клубының басшысы Мәдина Құрманғалиева әнші бұрын өз елінде танымал болған жоқ деген пікірмен келіспейді. 

"Дауысы ерекше болғандықтан, жұрттың көпшілігі білетін. I am singer байқауына дейін Қазақстанның бүкіл өңірінде жиырма бес концерт берді, тек қазақстандық БАҚ көздерінде ол жайында көп естімейтінбіз. Қытай I am singer жобасында қаржыландырғанға дейін Димаш өз бетінше дамып келе жатқан еді. Меніңше, елімізде белгілі бір деңгейде танымал болды", — деп санайды Мәдина Құрманғалиева.

Ол шетелде танылған қазақстандықтар жайында да сөз қозғады.

© Sputnik / Асем МиржекееваДимаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі - Sputnik Қазақстан
1/5
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі
© Sputnik / Асем МиржекееваДимаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі - Sputnik Қазақстан
2/5
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі
© Sputnik / Асем МиржекееваДимаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі - Sputnik Қазақстан
3/5
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі
© Sputnik / Асем МиржекееваДимаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі - Sputnik Қазақстан
4/5
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі
© Sputnik / Асем МиржекееваДимаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі - Sputnik Қазақстан
5/5
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі
1/5
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі
2/5
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі
3/5
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі
4/5
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі
5/5
Димаштың халықаралық фанаттар қозғалысы өкілдерімен кездесуі

"Геннадий Головкин, Денис Тен ғана шығар. Шетелде жиі боламын, еліміз несімен танымал дегенде, мұнайдан басқа ештеңе ойыма түспейтін. Қазір Димаштың арқасында Қазақстан жайында көбірек біле бастады. Ол біздің мәдениетіміздің бейнесі ", — дейді Құрманғалиева.

Димаштың фанаттарымен сөйлескеннен кейін түсінгеніміз, Димаштың жұлдызы жанып тұрса, Қазақстан көптеген саяхатшылар үшін қызықты мекенге айналмақ.


Жаңалықтар
0