Мәдениет

Танымал қазақстандық музыкант Наzиманың өткен өмірі туралы айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновБайғали Серкебаев
Байғали Серкебаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Наzима қазақстандық ірі жобаға қатысып, вокалдық қабілетімен көзге түскен

АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. "А-студио" тобын құрған музыкант Байғали Серкебаев Наzима қатысқан кастингті еске алды.

Нәзима Жәнібекова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Наzима Black Star қатарына қосылды

Серкебаев кезінде қазақстандық жұлдыздар фабрикасы конкурсанттарының вокалдық қабілеттеріне баға берген екен. Бұл жобаға Ресейде танымал әнші Наzима да қатысыпты.

"Дарынды жастар көп болды. Қазір жоғары жетістікке жетіп жатқан Наzиманы айта аламын. Әли Оқапов та фабриканың түлегі. Бұған тікелей қатысымыз болғанына қуанамыз. Үш ай ішінде өз баламыздай болып кетті. Ренат Гайсинмен бірге қатысушыларды іріктеп алғанымыз есімде, Қазақстанның әр облысынан 600-дей адам келген. Сол кезде: "Ренат, қарашы, қандай сұлу қыз. Әнін тыңдап көрейік" дегенмін. Дарынды, ең үздік қатысушылардың бірі еді", — деп еске алды Серкебаев.

Серкебаев Наzимаға "жақсы продюсер табуды" тілейді. 

"Оның дарынын пайдаланып, ақша тапқысы келетіндердің емес, жақсы әрі өнерлі адамдардың ортасына түссе деп тілеймін. Жоғары жеткістіктерге жетуіне тілектеспін, оның қолынан келеді", — деді Серкебаев Voice of Astana вокалдық конурысы алдында.

Продюсер Ренат Гайсин де әншіні "өте бағалайтынын" атап өтті.

Жиырма алты жастағы әнші Нәзима Жәнібекова Наzима деген атпен көпшілікке белгілі. Дарынды орындаушы Шымкентте дүниеге келген. Ресейде "Песни" жобасының ақтық сынына шығып, сондай-ақ Тиматидің ерекше көзіне түскен.

Шымкенттік қыз жобаның жеңімпазы атанып қана қоймай, Black Star қатарына қосылды. Ол қазір Мәскеуде тұрады, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Жаңалықтар
0