20:08 15 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD419.02
  • EUR494.02
  • RUB5.71
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
22 0 0

Астананың 20 жылдығы құрметіне Hip-Hop, Rock және DJ FEST заманауи музыка фестивалі өтеді

АСТАНА, 20 маусым — Sputnik. 29, 30 маусымда және 1 шілдеде Астананың 20 жылдығы құрметіне жыл сайынғы Hip-Hop, Rock және DJ FEST заманауи музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды қаланың мәдениет және спорт басқармасы.

Үш күндік музыкалық шоу "АЛАУ" мұз айдыны сарайында болады. Фестивальде қазақстандық және шетелдік үздік орындаушылар бас қосады. 

29 маусымда сағат 19:00-де заманауи музыка фестивалі аясында Hip-Hop Fest-2018 өтеді. Астана тұрғындары мен қонақтары хип-хоп жұлдыздарының өнерін тамашалайды. Атап айтқанда, Raim & Artur, Da Gudda Jazz, Хромосомы, Jamaru, Darkhan Juzz, Анакондаз, ST, Скруджи, кеш хэдлайнері – атақты "Каста" тобы.

30 маусымда сағат 19:00-де заманауи музыка фестивалінің Rock Fest-2018 кеші өтеді. Тыңдармандар Найк Борзов, Чичерина, Команчерос, Манекены және Ұмай тобының орындауындағы рок-музыканы тыңдайды. Концерттің басты қонақтары – танымал "Звери" рок-поп тобы.

1 шілде заманауи музыка фестивалінің соңғы күні сағат 19:00-де DJ Fest-2018 өтеді. DJ RUIN (Астана), DJ Fara (Астана), BAUR (Мәскеу), ASTERO (Мәскеу), DJ Emrah Canpolat (Анталия), Paolo Bardelli (Милан) сынды үздік диджейлер Астананы 20 жылдығымен құттықтайды. Кеш қонағы DJ GROOVE.

Кілт сөздер:
Астананың 20 жылдығы, Каста, Звери, Астана
Загрузка...

Басты тақырып