Мәдениет

"Мен бақыттымын!" Беларусьте Роза Рымбаеваның жұлдызы "жанды"

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуРоза Рымбаева
Роза Рымбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әнші ел президенті мен "Славян базары" фестивалінің басшылығына ризашылығын білдірді

АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Беларусьтің Витебск қаласында қазақ экстрадасының әншісі Роза Рымбаеваның атаулы жұлдызы пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Әнші қуанышты хабармен өзінің инстаграм парақшасында бөлісті.

"Менің қымбаттыларым! Бүгін Витебск қаласындағы Жұлдыздар алаңында менің атаулы жұлдызым пайда болды! "Славян базары" өнер фестивалінің басшылығы мен ел президенті Лукашенко мырзаға тамаша идея мен осындай фестивалді ұйымдастырғаны үшін зор алғысымды айтамын! Мен бақыттымын! Ізгі ниетпен, Роза", — деп жазды әнші әлеуметтік желі парақшасында.

Роза Рымбаеваны үкіметтік концерттерге кім шақырмай жүр?

Микрофон - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Витебсктегі Славян базары: Димаштың жолын қуған қазақ әншісі кім?

Айта кетсек, Беларусьте 12-16 шілде аралығында "Славян базары" халықаралық өнер фестивалі өтеді.

Халықаралық байқауға Қазақстанның атынан 23 жастағы Ернар Сәдірбаев қатысады. Ол көпшілікке Әмре деген атпен белгілі. Сәдірбаев Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының төртінші курсында оқиды, R&B, Bossanova-Latino, Pop-classic, Pop жанрында ән айтады.

Мәдениет министрлігі Роза Рымбаеваның мәлімдемесіне қатысты жауап берді

Жаңалықтар
0