09:01 17 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD360.87
  • EUR410.27
  • RUB5.40
Ернар Садырбаев

Бейбіт Қорған мен Ернар Садырбаев I’m a singer шоуында бақ сынайды

© Foto: официальный сайт фестиваля "Славянский базар"
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
110 0 0

Жүлде қоры 50 миллион теңге болатын I’m a singer шоуына 9 елдің әншілері қатысады

АЛМАТЫ, 7 тамыз — Sputnik. Алматыда халықаралық I’m a singer Kazakhstan талант-шоуының екінші маусымының тұсауы кесілді. Биылғы маусымның жүлде қоры – 50 000 000 теңге. 

Екінші рет өтетін шоуға ұйымдастырушылар аздаған өзгеріс енгізген. Енді 16 жасқа толған үміткерлер жобаға қатысуға өтініш бере алады. 

31 арнаның бас директоры Бағдат Қожахметовтың айтуынша,  жобаға басқа елдің азаматтары да қатыса алады. 

Байқауға өтініш қабылдау мамырда басталып, 28 шілдеде аяқталған. 

Байқауға еліміздің бірқатар әншісі қатысады. Олардың арасында Бейбіт Қорған мен Белоруссияда өткен "Славян базары" халықаралық өнер байқауында 1-орын алған Ернар Садырбаев бар. 

Жаңа маусымда жобаға шетелден қатысушылар келеді деп күтілуде. Бүгінгі таңда 3000-нан астам өтініш келіп түскен. Олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Иран, Армения мен Белоруссия әншілері бар. 

Қайрат Түнтеков 3,5 миллион теңге жеңіп алды

"Бұл жоба кез келген музыкалық эстраданың деңгейін көтеретін шоу. Ол жай ғана ән сайысы емес, оны жұлдыздардың өнері деп қарау қате. Жоба ең алдымен өзіндік драматургиясы бар, әншінің жан тебіренісін бейнелейтін бірегей жоба. Мұндай жобалардың басым бөлігі көптің арасынан біреуді суырып алып шығып,  жұлдыз жасауды мақсат тұтса, бұл ток-шоудың мақсаты – жұлдыздың да адам екенін көрсету", — дейді Бағдат Қожахметов. 

Екінші маусым 2018 жылдың 9 қыркүйегінде эфирге жол тартып, 31 арнадан көрсетіледі. Жоба соңында жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталады. 

Биылғы маусымда қатысушылардың өнерін Сәкен Майғазиев, Мақпал Жүнісова секілді өнер адамдары бағалайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл қатарға Мақпал Исабекова да қосылуы мүмкін. Жобаның музыкалық продюсері – Сержан Молдасанұлы. 

"Қазақстандағы мұндай ауқымды жобаға қатысы мен үшін үлкен мәртебе. Таланттарымызды өз көзімізбен көріп, бір марқайып қалатын болдық. Мұндай шоулар болашақ жеңімпаздардың, жас таланттардың жолын ашып, үлкен мүмкіндіктер сыйлайды", — дейді Сәкен Майғазиев. 

I’m a singer Kazakhstan жобасының бірінші маусымында Қайрат Түнтеков жеңіске жеткен еді.

Мейрамбек пен Сәкен Қарағандыда ереуілдеген кеншілерге қолдау көрсетті

Тақырып бойынша

Қайрат Нұртас туралы не білеміз?
Әміре "Славян базарында" бірінші орын алды
Ерке Есмахан мен Ернар Айдар салық төлемей жүр
Әміре "Славян базарынан" неге қымбат костюмінсіз оралды?
Әнші Айқын Төлепберген қазақстандықтарға үндеу жасады – видео
Әнші Қайрат Нұртас концертке бара жатып жол апатына ұшырады
Кілт сөздер:
байқау, I’m a singer, Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев, Бейбіт Қорған, Қайрат Түнтеков, Ернар Садырбаев

Басты тақырыптар