Мәдениет

Қазақстандық фильмдер түрік телеарнасынан көрсетілетін болды

© Photo : Vidmir Raic Теледидар
Теледидар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жуырда түрік телекомпаниясының өкілдері Түркияда қандай кино туындыларының көрсетілетіні туралы бір шешімге келеді

АЛМАТЫ, 13 тамыз — Sputnik. "TRT" түрік телерадиокорпорациясының Астанадағы өкілдігінің директоры Абдулхамит Авшар "Қазақфильм" киностудиясында болып, қазақстандық кино туындыларын түрік телевидениесінде көрсетуге құқық алғысы келетіні туралы мәлімдеді.

Томирис рөліне киносынама - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Депутаттар Сағынтаевтан "Қазақфильм" киностудиясын сатпауды сұрады

Абдулхамит Авшардың сөзіне сүйенсек, корпорацияға тиесілі "TRT Avaz" арнасы түркі тілдес мемлекеттердің режиссерлері түсірген кинокартиналарды апта сайын көрсетіп отырмақшы.

"Қазір біздің мақсатымыз – сіздердің фильмдеріңізбен танысып, елдің тарихы мен мәдениетін көрсететін картиналарды таңдап алу", — дейді ол.

Өкілдік директоры атап өткендей, корпорацияны әр кезеңде әртүрлі жанрда түсірілген фильмдер қызықтырады.

"" киностудиясы бұл ұсынысқа қызығушылық танытып, ынтымақтасуға әзір екендерін атап өтті.

"Қазір сіздерге қажетті форматта жаңа және ескі фильмдерді цифрлық нұсқада ұсына аламыз", — деді "Қазақфильм" киностудиясының аудиовизуалды жобаларының басшысы Олжабай Мұсабеков.

Иранда қазақстандық режиссердің ұсталу себептері анықталды

"TRT" телерадиокорпорациясы 1964 жылы бірнеше телерадиокомпаниядан құрылды. Қазірде әлемнің ондаған елінде қызмет етіп, әртүрлі тілдерде қызмет көрсететін көптеген халықаралық және өңірлік телерадиостанцияларға басшылық етеді.

Қытайлар Димаш Құдайберген туралы фильм түсірмек

Жаңалықтар
0