07:47 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Қыдырәлі Болманов

"Отанына оралтқым келеді". Болманов ашық-шашық киінетін әріптестерін сынады

© Sputnik / Қарлыға Бүйенбай
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
59120

Продюсер тыйым салу арқылы қыздарды тәрбиелеу мүмкін еместігін айтты

АСТАНА, 2 қыркүйек  Sputnik. Солардың бәрін "Айналайын, мына жүрісің ұят болады" деп отандарына оралтқым келеді. Белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов сахнада ашық-шашық киінетін әріптестерін осылай сынады, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

"Арасында қазіргі заманға сай боламыз деп жүрген майда-шүйделер болмаса, эстрада жұлдыздарының ашық-шашық жүргенін көрген жоқпын. Қазір керісінше эстрада жұлдыздарының көбісі жабық киінеді. Халыққа қарсы шықпайды, оның үстіне көбісі тұрмыс құрған. Сол себепті, мәселе мұнда эстрада жұлдыздарында емес, жалпы мәдениетте, иба мен иманда деп ойлаймын. Қазақта "Отанды сүю иманнан басталады" деген жақсы сөз бар",  деді продюсер.

Әрі қарай Қыдырәлі Болманов қысқа киімдер киетін қыздардың ойында не бар екенін түсінбейтінін жеткізді. Кейде оларға сөзбен тыйым салғысы келетінін де жасырмады.

"Ашық-шашық киінетіндер отбасын құрамын деп жүр ме? Мұны қалай жүзеге асырмақ? Кіндіктерін жарқыратып, қысқа киеді. Солардың бәрін "Айналайын, мына жүрісің ұят болады" деп отандарына оралтқым келеді. Қалай десек те, барлығы үйде көрген тәрбиеден басталады. Киіну  адамның жеке құқығы. Яғни не киемін десе де өзі біледі. Мен барлығы бірдей хиджаб кисін демеймін. Бар болғаны мүмкіндігінше жабық жүргендерін қалаймын. Бұл қай жағынан алып қарасаңыз да жақсы. Қыз бала  ертеңгі ана, басты мұраты мен мақсаты  тұрмыс құру. Осы тұрғыдан алғанда қыз баланың әрдайым ибалы, тәрбиелі болып жүргені өзімізге жақсы. Қыз баланың тәрбиесі құрыса, бүкіл ел құриды. Ал ер баланың тәрбиесі бір отбасыға ғана әсер етуі мүмкін",  деді ол.

Сондай-ақ, продюсер ашық-шашық киінетін әріптестеріне тікелей тыйым салмай, отбасындағы тәрбиені жөндеуге көңіл бөлуге шақырды.

Қыздардың хиджаб киюінің себебі неде?

"Қыз балаларымыздың барлығы жабық киініп жүрсе ерекше мереке болатын еді. Қалай алсақ та олардың орны қоғамда бөлек. Кейде тыйым салуға құштар болып тұрамыз. Одан біз не аламыз? Одан біз қалай өсеміз? Сол себепті ешкімге тыйым салып қажет емес деп ойлаймын. Тек мәдениет пен идеология тұрғысынан жұмыстар жүргізіп, мұны сәнге айналдыруымыз қажет",  деп қорытты әнші.

Тақырып бойынша

"Миға сыймайды". Қыдырәлі Болман атышулы дауға қатысты өз шындығын айтты
"Қып-қызыл жала!". Қыдырәлі мен Қарақат өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарды
Қыдырәлі мен Қарақат Астанада коттеджді тартып алды деп айыпталып жатыр
Қыдырәлі Болманов карикатура жайлы: ер-азаматтың намысы – ең бірінші орында
Сағадиев хиджаб киетін оқушыларға қатысты мәселеге нүкте қойды
Хиджаб киетін қыздардың ата-аналары жеке мектеп ашуға құқылы – министр
Министр: хиджаб тазалыққа қайшы
Ерке Есмаханның имам ағасы қарындасының киім киісіне қатысты пікір айтты
Әуежайларда орындықта жатуға және дәретханада киім ауыстыруға тыйым салынды
Загрузка...

Басты тақырып