Мәдениет

Димаш Игорь Крутой және Лолитамен түскен видеосын жариялады

© Sputnik / Виктор ТолочкоДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайберген "Новая волна" қызыл кілемінде тұрып, атақты композитормен шығармашылық жайында сөз қозғады

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Қазақ әншісі Димаш Құдайберген танымал ресейлік композитор Игорь Крутоймен түскен видеосын жариялады.

Димаш пен Крутой Сочидегі "Новая волна" халықаралық байқауының қызыл кілемінде шығармашылық жайында сөз қозғады. Олардың қасына танымал әнші Лолита келіп қосылды.

Бұдан бұрын Игорь Крутой "Новая волна" байқауындағы "А-Студио" тобының шығармашылығына арналған концертте Димаш ән шырқағанда орнынан тұрып қошемет көрсеткен еді.

Димаш Құдайберген биыл алғаш рет "Новая волна" сахнасында өнер көрсетіп, жұртты тамсандырды. Бірінші күні әнші "Грешная страсть" әнін орындап, Николай Басков пен Филипп Киркоров сынды басқа да ресейлік әртістердің ыстық ықыласына ие болды.

Жабылу салтанатында Димаштың микрофоны әуелгіде қосылмай қалды, алайда дарынды әнші еш сыр білдірмей, әнін жалғастыра берген.

Жаңалықтар
0