06:42 20 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD367.30
  • EUR419.68
  • RUB5.58
Димаш Құдайбергенов

Димаш: Мәскеуде концерт беруді армандап жүрмін

© Sputnik / Виктор Толочко
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
Димаштың жұлдызды жолы (77)
243 0 0

Әнші өзінің ерекше дауыс иесі болуы ұстаздарының арқасы екенін айтып өтті

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Димаш Құдайберген алдағы уақытта Мәскеуде концерт өткізуді жоспарлап жүргенін айтты. Бұл әншінің көптен бері көкейінде жүрген арманы екен. 

Шетелдік журналистердің бірі Димаштан Ресейде қашан концерт беретінін сұрады. Айтуынша, осы елдегі тыңдармандары әншіні асыға күтіп жүр. Сондай-ақ, журналист әншіден ерекше дауыс иесі болуының себебін білмек болды.

"Біріншіден, мақтап айтқан сөздеріңіз үшін рахмет. Екіншіден, меніңше, бұл тамаша ұстаздарымның арқасы. Барлық ұстазым мен педагогыма алғыс айтқым келеді. Әсіресе, Марат Олжабайұлына. Ол кісінің дәл қазір бізді қарап отырғанына сенімдімін", — деді ол.

Әрі қарай журналист әншіден Ресейде қашан және қай қалада концерт өткізетінін сұрады. Сондай-ақ, болашаққа жоспарланған бұл концертінің билеттері аз уақыт ішінде сатылып кететініне уәде берді.

"Ниеттеріңіз үшін көп рахмет! Бұл сұраққа қалай жауап берерімді білмей тұрмын. Болашақта Мәскеуде концерт берсем деген арманым бар. Концертіме келетін болсаңыздар, қатты қуанып қалатын едім. Нақты уақытын енді жоспарлаймын. Ал қала мәселесіне келсек, Мәскеуді таңдайтын едім", — деді жұлдыз.

Тақырып:
Димаштың жұлдызды жолы (77)

Тақырып бойынша

Димаш ата-анасын ерекше тосынсыймен қуантты
"Новая волна" байқауында Димаш Құдайбергеннің микрофоны қосылмай қалды - видео
Димаш Құдайбергенов туралы не білеміз?
"Соңғы әңгімемізді ешқашан ұмытпаймын" Димаш Құдайберген Теннің отбасына көңіл айтты
Димаш Құдайберген мен Денис Тен мұз айдынында бірге өнер көрсетеді
Қытайдың ең бай адамы Димаш Құдайбергенге қошемет көрсетті – видео
Димаш Құдайберген әлемдік турнесін тоқтатып, елге оралды
Кілт сөздер:
журналист, ұстаздар, алғыс айту, концерт, әнші, Димаш Құдайберген, Мәскеу
Загрузка...

Басты тақырыптар