Мәдениет

Бүлдіршіннің арманын орындаған Қайрат жұртты сүйсіндірді - видео

© Photo : Қайрат Нұртастың Instagram парақшасынанҚайрат Нұртас келіншегімен
Қайрат Нұртас келіншегімен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желі қолданушылары арасында мұны жарнама үшін істеп жатыр дегендер де болды

АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Танымал әнші Қайрат Нұртас тағы бір тыңдарманының арманын орындап жұрттың ыстық ықыласына бөленді. Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығы мен жомарт мінезіне ерекше тәнті екендерін жарыса жазып жатыр. 

Жұлдыздың фан парақшаларының бірінде кішкене тыңдарманының үйіне қонаққа барып, оған сыйлық тарту еткен сәтте түсірілген видео жарияланды. Осы видеоны көрген желі қолданушылары оның қарапайымдылығына ерекше тәнті екендерін жазып жатыр. Арасында әнші мұны өзіне жарнама жасау үшін жасады деп сөккендер де болды.

"Алланың нұры жаусын саған! Аман бол", "Аман болсын, Қайрат!", "Жарайсың, Қайрат! Алла разы болсын! Қарапайымдылығың мен мейірімділігіңнен тайма. Алла тағы жар болсын саған", "Құдай бере салған бала ғой! Түсінген адамға соның өзі бір қуаныш емес пе? Қолынан сүйіп, жас балаша жанына отыра қалып, баламен бала болып бір сәт сол отбасыға қуаныш сыйлағанның өзі үлкен іс емес пе?", "Жаным сол, Алла разы разы болсын! Жарайсың! Отбасыңа амандық тілеймін" деп жазды желі қолданушылары. 

Жаңалықтар
0