06:02 16 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR432.47
  • RUB6.12
Михаил Швыдкой и Арыстанбек Мухамедиулы

Министр қазақша мультфильмдердің жоқтығына қапаланған депутатқа ән шырқап берді

© Sputnik / Айгюзель Кадир
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
599 0 0

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, қазақ анимациясын жоғары деңгейге көтеру үшін жеке мемлекеттік компания құру керек

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақ тіліндегі мультфильмдердің санын арттыруға көңіл бөлуді өтінген депутатты мақтай жөнеліп, мәжілісмендерді бір күлдіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілісте "Кинематография туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Құжатты талқылау барысында депутат Абай Тасболатов қазақ анимациясының бүгінгі жай-күйіне алаңдаушылығын жеткізді. 

"Біз осы жастарға қашан көңіл бөлеміз?! Жексенбі күні "Балапан" арнасынан басқа қазақша ештеңе берілмейді. Ақша жетпейді, кадрлар жоқ дейсіздер. Мына "Маша мен аю" мультфильмін өз тілімізге аударуға болмай ма? Балалар көретін басқа да шетелдік ертегілер бар. Балабақшада, мектепте қазақ тілінде оқиды да, үйге келген соң, әлгі мультфильмдерді орысша көреді. Осыған дұрыс көңіл бөлу керек, екі-үш жылдан кейін кеш болады", — деген мәжілісмен бұл сұрақ емес, ұсыныс екенін, жауап берудің қажеті жоқ екенін айтты.

Алайда мәдениет министрі үнсіз қалуды жөн көрмей, өзекті мәселе көтерген депутатты мақтай жөнелді.

"Сұрағыңызға рақмет. Абай Бөлекбайұлы, біз мақтан ететін бірегей тұлға", — дей беріп еді, мәжіліс спикері сөзін бөлді.

"Қазір мәселе ол (Абай Тасболатов — депутат) туралы емес, заң жобасы жайында", — деп күлді Нығматулин күн тәртібіндегі мәселеден ауытқып кеткен министрге қарап.

"Жоқ, мен мысал ретінде айтайын деген едім. Ол кісі республикалық гвардияның қолбасшысы болғанда, барлық әскери әнді қазақ тіліне аудартқызды. Бұл өте үлкен еңбек. Халық батырлары біледі ғой, біздің кезімізде мемлекеттік тілдегі әскери әндер болмайтын", — деген ол "Маруся слезы льет" әнінің бір жолын айтып, депутаттарды күлдірді.

Министр депутатқа ведомство қазақ тіліндегі мультфильмдердің санын арттыруға құлықты екенін жеткізді.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистерге қазақ анимациясын дамыту үшін жеке мемлекеттік компания ашу керектігін айтты.

"Жаңа депутаттар қазақ анимациясы жоғары деңгейде емес деп айтып жатыр ғой. Мұның себептері көп. Ең алдымен, біз кадр даярлауға мән беруіміз керек. Неге десек, кино саласында ауыз толтырып айтарлық режиссерлер жеткілікті болғанмен, анимация саласында Әмен Қайдаровтан кейін мықты режиссерлер жоқтың қасы. Жәнібек, Адай деген бірлі-жарым азаматтар бар, әрине. Бірақ мәселе бір-екі атта ғана емес, біз жүйелі түрде анимацияның дамуына мүмкіндік беруіміз керек. Бізде Қазақфильмнің ішінен басқа, бірде бір анимация студиясы жоқ. Бізге жеке мемлекеттік компания ашу керек, сонда ғана Қазақстан анимациясын дамыта аламыз", — деді министр мәжіліс кулуарында.

Тақырып бойынша

Димаш Құдайберген КоКо Лимен бірге ән шырқады
Астанада автобуста зейнеткер әже Елбасы туралы ән шырқады
Сағынтаев министрлерге: Ала жаздай ән салған шегірткедей күзде дірілдеп қалмайық
Ресейде ән салған Димашқа көрермендер орындарынан тұрып қошемет көрсетті - видео
Роза Рымбаева: фонограммамен ән айтсам, қара жерге кірейін
"Жұлдыз менде ғана бар". Қайрат Нұртас әйеліне ән арнады
Босанып жатқан әйел күйеуімен бірге ән айтып, жұртты таңғалдырды – видео
Загрузка...

Басты тақырып