01:46 14 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD389.34
  • EUR428.78
  • RUB6.05
Данэлия Төлешова

"Балалар Еуровидениесінде" Қазақстан намысын Данэлия Төлешова қорғайды

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
453 0 0

Алматы қаласында халықаралық байқауға бару үшін жүргізілген республикалық іріктеу өз мәресіне жетті

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласында жас вокалистерге арналған іріктеу байқау аяқталып, халықаралық "Балалар Еуровидениесіне" Данэлия Төлешованың баратыны белгілі болды.

"Халық аренада" көрермендер алдында 134 қатысушының ішінен суырылып шыққан 10 өнерпаз ән шырқады.

Гала-концерт республикалық телеарнада тікелей эфирден көрсетілді. Әділқазы алқалар мүшесіне Роза Рымбаева, Тамара Асар, Бағым Мұхитденова, Ренат Гайсин, Ләйлә Сұлтанқызы, Мәдина Сәдуақасова және Алан Тәжібаев енді. Кейін осы әділқазы алқалары берген баға мен көрермендер ұпайы қосылып, ортақ шешім шықты.

Гала концертте шырқалған әндердің барлығы су жаңа. Себебі, бұл халықаралық байқаудағы негізгі талаптардың бірі. Данэлия Төлешова сазгер Иван Лопуховтың музыкасына жазылған "Өзіңе сен" туындысын орындады. Аталған әннің сөзін Кәмиля Дайырова, Артем Кузьменкова және жас әншінің өзі жазған.

Алғаш рет балалар арасында "Еуровидение" байқауы 2003 жылы Копенгаген қаласында өткізілді.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Данэлия Төлешова украиналық "Голос. Дiти" байқауында жеңіске жеткен-ді.

Тақырып бойынша

Данэлия Төлешова BraVo жүлдесін иеленді
Бауыржан Байбек Данэлия Төлешовамен кездесті
Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия Төлешовамен кездесті
Данэлия Төлешова "Голос.Дiти" шоуында жеңіске жетті
Данэлия Төлешова украиналық "Голос" байқауының финалына шықты
Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесіне" қатысады
Кілт сөздер:
су, байқау, халықаралық байқау, ән, әнші, Данэлия Төлешова
Загрузка...

Басты тақырып