12:52 17 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.01
  • EUR430.12
  • RUB6.10
Меруерт Түсіпбаева

Меруерт Түсіпбаева: кімге тиерімізді білмейміз, тиейік десек адам жоқ

© Foto : Меруерт Түсіпбаеваның Instagram парақшасы
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
1981 0 0

Әнші қызметтік махаббаттың ұтымды тұстары туралы айтты

АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Тиейік десек адам жоқ, қазақтар аз. Сегіз қызға бір жігіттен келеді. Біз бір рет барып келдік қой, енді басқалар шықсыншы деп үндемей жүрміз. Фейсбукте көргенде қатты таңғалдым. Асқардың басы бос екенін мүлдем білмеппін. Осылай деді әнші отандық бағдарламалардың біріне берген сұхбатында.

Әнші алдымен 42 жасында шаңырақ көтеріп жатқан отандық дикторға қатысты пікір білдірді. Сырттай дикторға он жас кіші беріп жүр екен.

"Жаңа дастарханда отырғанда біреу "Асқардың тойын 42 жыл күттік" деп айтып қалды. "Қалай 42 жыл?" деп таңғалдым. Шынымды айтсам, Асқарға 32 жас беретін едім. Менің ойымша, ер азамат әйелге қарағанда жас көрінеді. Айым екеуінің арасына бес жастан артық айырмашылық бермес едім", — деді ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында.

Әрі қарай Меруерт Түсіпбаева қызметтік махаббатқа деген көзқарасы туралы айтты. Әнші таныстықтың бұл түрінің ұтымды тұстарын айтуға тырысып бақты.

"Қызметтік махаббатқа күшті қараймын. Менің ойымша, қызметтік махаббат адамды күнде көретіндігімен жақсы. Әдетте бір-екі айдан кейін "Білмей қалыппын, мені алдапты, ата-анасы осындай екен" деп ажырасып жатады. Қызметтік махаббат осы тұрғыдан алғанда пайдалы. Күнде бірге жұмыс жасап жүріп ол қыздың пысық немесе салақ екенін, үстіндегі киімінің қаншалықты таза екенін көресің. Осының барлығын алдын ала біліп алып, содан кейін бір жыл ойланып, "Болады екен" деп шешім қабылдап, тағы кішкене жарты жыл ойланасың. Жарты жылдан кейін "Жасым 42-ге келіп қалды" деп шешім қабылдайсың Асқар сияқты", — деді жұлдыз.

Меруерт Түсіпбаева президенттің қолынан қандай марапат алғанын айтып берді

Бұдан өзге ол үйленіп жатқан журналистің осы күнге дейін басы бос болғанын білмегенін жеткізді. Әлеуметтік желіден оның сүйіктісіне ұсыныс жасағаны туралы біліп қатты таңғалған екен.

"Мен фейсбуктен Асқардың осы Айымға жасаған ұсынысын кәдімгідей көрдім, қатты таңғалдым. Талай жыл бойы мынандай басы бос жігіт қалай жүрген екен? Шынымды айтсам, фейсбуктен көргенде бұл мен үшін жаңалық болды. Өте үлкен жаңалық болды. Осындай жұмысы бар, сымбатты, талантты, парасатты, ақылды, интеллектісі бар жігіт осы күнге дейін қалай? Осы (жігіттер — Sputnik) жетпей жатыр. Кімге тиерімізді білмейміз. Тиейік десек адам жоқ, қазақтар аз. Сегіз қызға бір жігіт. Біз бір рет барып келдік қой, енді басқалар шықсыншы деп үндемей жүрміз. Фейсбукте көргенде қатты таңғалдым. Асқардың басы бос екенін мүлдем білмеппін", — деді әнші.

Тақырып бойынша

Әнші Шахризат қыздардың сахнада жүруіне қарсы шықты
Әнші Ғаділбек Жанай ұстаздарға кимешек кигізуді ұсынды
"Залда шал жоқ". Тұрсынбек Қабатов әнші Төреғалимен әзілдесті
Димаштың ата-анасы келіндері туралы айтты
Желіде Димаштың қалыңдығымен түскен сурет жарияланды - фото
Димаштың әкесі сүйінші сұрады
"Жұлдыз менде ғана бар". Қайрат Нұртас әйеліне ән арнады
Кілт сөздер:
талант, махаббат, фейсбук, ажырасу, әнші, Меруерт Түсіпбаева
Загрузка...

Басты тақырып