10:56 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Мақпал Жүнісова

"Апа деп жүгіруші еді". Мақпал Жүнісова Медеу Арынбаевқа неге ренжігенін айтты

© Photo: Николай Стадниченко/Костанайские новости
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
3501 0 0

Жуырда Медеу Арынбаев екі бірдей бейнебаянының тұсауын кесті. Мақпал Жүнісованың айтуынша, әнші өзін осы кешке шақырмаған

АСТАНА, 1 қазан — Sputnik. Танымал әнші Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесі Медеу Арынбаевқа өзін кешке шақырмағаны үшін ренжігенін айтты. Ал әнші Жүнісованың бұл ренішінен бейхабар болып шықты.

Соңғы жылдары сахнаға шығуын сиреткен Медеу Арынбаев екі бірдей жаңа бейнебаянының тұсауын кесіп, Мейрамбек Беспаевпен дуэт орындады. Көптен бері кездеспей кеткен достардың басын қосқан әнші көп қонақтардың келмей қалғанын айтып өтті. Олардың арасында Мақпал Жүнісова да бар.

"Мақпал Жүнісова апамыз келе алмай қалды. Ол кісі жол сапарында болған екен", — деді Медеу Арынбаев 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында.

Алайда бұл сөздерді естіген Мақпал Жүнісова өзін ол кешке шақырмағанын айтып ашуланды.

"Мені ол кешке шақырған жоқ. Бұл туралы ашық айта аламын. Медеужан, сен мені шақырған жоқсың. Бәлкім Мақпал Исабековамен шатастырған шығарсың. Мен Instagram желісінен көріп айттым "Медеу маған ренжіп қалған ба? Ылғи "апа-апа" деп жүретін еді. Неге шақырмаған екен" деп. Ыңғайыссызданып айтқан болар. Бәлкім директоры оған солай жеткізген шығар. Медеу өзі шықпаған, қазір жанында көмекшілері еріп жүр. Солар Мақпал Жүнісованың келгенін қаламаса, ауырып қалды деп айта салады екен", — деді әнші.

Сондай-ақ, эстрада жұлдызы той-думандарға шақыртуларды қуана қабылдайтынын жеткізді.

"Ондайды да естіп жатырмыз. Мысалы, мені тойға шақырса, сонда әкімшіліктегілер "Мақпал Жүнісова Алматыда жоқ. Ол кісі тойларға бармайды" деп айта салады екен. Жалпы мен тойға барамын. Мені іздеп, қазақ концерттен тауып алуға болады. Сондай-ақ, Instagram парақшамдағы нөміріме жазуларыңызға болады. Ол жігіт маған ұсыныстарды айтады, кейін жұмыс кестемізге қарап тойларға барамыз", — деді ол.

Тақырып бойынша

Әнші Ғаділбек Жанай ұстаздарға кимешек кигізуді ұсынды
"Залда шал жоқ". Тұрсынбек Қабатов әнші Төреғалимен әзілдесті
Қазақстанға белгілі 4 әнші Халыққа қызмет көрсету орталығына "жұмысқа тұрды"
"Қазақша сөйлеймін". Әнші Шахризат орыс тілінде сұхбат беруден бас тартты
"Махаббат шексіз сезім". Димаш қытай қызымен неге сүйіскенін түсіндірді
Димаш қытай қызымен сүйісіп, жанкүйерлерін қызғандырып қойды
Димаштың әкесі сүйінші сұрады
Кілт сөздер:
қонақ, реніш, жұлдыз, той, әнші, Медеу Арынбаев, Мақпал Жүнісова
Загрузка...

Басты тақырып