03:01 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Ринат Зайытов, айтыскер ақын

"Үйге жолатпаңдар!". Ринат Зайытов неге қонаққа бара алмай жүргенін айтты

© Altaynews-kz
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
481310

Ринат Зайытов айтыста жүріп алған ең ерекше жүлдесі туралы айтып берді

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Жолдас балалардың үйіне қонаққа барудан қалдым. Олардың балалары мені бір кездері Ninety one тобын сынағаным үшін жек көреді. "Үйге жолатпаңдар" деп айтады екен. Осылай деп күлді Ринат Зайытов отандық бағдарламалардың бірінде.

Айтыскер ақын Ринат Зайытов өзін жек көретін адамдардың көбейіп кеткенін айтты. Олардың арасында балалар да бар екен.

"Қазір бәрін қойдым. Бұл үлкейгенімнің белгісі емес, бар болғаны мені жек көретін адам көбейіп кетті. Жолдас балалардың үйіне қонаққа барудан қалдым. Өйткені олардың балалары мені жек көреді. "Ninety one тобын ұнатпайды мынау. Үйге жолатпаңдар" деп айтады екен", — деді Ринат Зайытов Қазақстан арнасының "" бағдарламасында.

Әрі қарай ақын айтыста жүріп алған жүлделерінің ең ерекшесі туралы айтып берді.

"2001 жылы Астана қаласына "Тазша бала" деген байқауға келдім. Сол кезде Тұрсынбек бас жүлде, мен бірінші орын алдым. Тұрсынбекке ас үй жабдығын, ал маған ыдыс-аяқ берді. Ол бізге не үшін керек деп ойладым. (Күлді.) Оның үстіне екеуіміз де ол уақытта үйленбегенбіз", — деді айтыскер ақын.

Сөз соңында Ринат Зайытов шабытты телефонмен қоңырау шалып шақырып алатынын айтып әзілдеді. Сондай-ақ, шабытты моншада жуынғаннан алатын журналист ағасын еске алды. Айтуынша, кейде адамның үстіндегі киімі шабыт алуға кедергі жасайды.

Тақырып бойынша

Қытайда он бес қабаттық қонақ үй жермен-жексен болды
6-сынып оқушысын қонақ үйге апарып, зорлап тастаған ауыл тұрғыны ұсталды
Шымкенттен ауылға қонаққа барған 8 жасар бала әпкесін атып өлтірді
Жамбылда жас келін төркінінде 10 күн жатып келгеннен кейін ажал құшты
"Артық әңгімені қойыңыздар!": Ninety one әншісінің ата-анасы Сәкен мен Мейрамбекке ашық хат жазды
Ұстаз: Ninety one арқасында балаларымыз қазақ тілін біліп жүр
Ақтөбелік әжемен суретке түскісі келген Төреғалидің басы тағы да дауға қалды
Кілт сөздер:
шабыт, қонақ, монша, бала, айтыскер ақын, Ринат Зайытов
Загрузка...

Басты тақырып