04:37 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
Қыз сахнада ән орындап тұр

Бұл әнмен 13 жастағы қазақ қызы Италия жұртын аузына қаратты – видео

CC0 / Nickbar
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
6126 0 0

Аружан Ардақ беделді италиялық Premio Mia Martini вокал премиясының төрт кезеңінен өтті

АЛМАТЫ, 21 қазан — Sputnik. Қазақстандық Аружан Ардақ италиялық беделді Premio Mia Martini вокал жүлдесін жеңіп алды. 

Байқау төрт кезеңнен тұрады: кастинг, жартылай финал, радио финал және гранд-финал. Музыка сайысына төрт жастан 45 жасқа дейінгі үміткерлер қатыса алады.

13 жасар Аружан Ардақ барлық турдан сәтті өтіп, ТМД елдері арасынан жалғыз финалист атанды. Қыз Рианнаның Love on the brain әнін орындады, ол ішінара италия тіліне аударылды.  

Аружан орындаған әндер радиодан таратылды, жергілікті тұрғындар оған SMS арқылы дауыс берді.

Қазақстандық Instagram-дағы парақшасында байқау барысында дауыс беріп, қолдау көрсеткендердің барлығына алғысын білдірді.

"Мен үшін осыншалық беделді әрі салмақты байқаудың жеңімпазы болу үлкен құрмет. Мен білімім мен тәжірибемді толықтырдым, сондай-ақ адал да қайырымды достар таптым", — деп жазды Аружан. 

Жүлдені оған қаланың мэрі Марио Ромео табыстады.

13 жасар қыз жастығына қарамастан модель ретінде де жұмыс істеп үлгеріпті, ол еуропалық танымал дизайнерлердің киімдерін таныстырған. Қазақстандық әншілердің бейнебаянына түсіп, жарнама  роликтеріне қатысты. Ол вокалмен бірнеше жыл бұрын айналыса бастаған екен. 

Premio Mia Martini конкурсы 1995 жылдан бері өткізіліп келеді, ол әйгілі италия әншісі Миа Мартинидің құрметіне құрылған, Баньяра-Калабра қаласында жыл сайын ұйымдастырылады.   


Тақырып бойынша

"Евровидение – 2018" жеңімпазы анықталды. Бағы жанған қай әнші?
Қазақстандық әнші кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады
Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" арнасында көш бастады
"Балалар Еуровидениесінде" Қазақстан намысын Данэлия Төлешова қорғайды
Данэлия Төлешова BraVo жүлдесін иеленді
Кілт сөздер:
вокалдық конкурс, байқау, ән, Италия, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып