03:14 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Вероника Каткаева мен Максим Галкин

Қазақстанның бүлдіршін аруы Максим Галкинді дарынымен тәнті етті – видео

© Foto: Первый канал
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
1331 0 0

Тоғыз жасар қыз "Лучше всех!" бағдарламасына қатысып, жүргізушінің берген тапсырмасын еш қиындықсыз орындап, көрермен көзайымы болды

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Алматы қаласында тұратын Вероника Каткаева Первый каналдың "Лучше всех!" бағдарламасына қатысты.

Бүлдіршін актерлік шеберлігін көрсетіп, шоу жүргізушісі Максим Галкинді аузына қаратты. Вероника — актриса, модель, вокалист.

"Сен әуелі әншімісің?" — деп сұрайды Максим Галкин.

"Жоқ, бірінші кезекте актриса және модельмін", — деп жауап берді Вероника.

Қыз баланың айтуынша, негізінен жарнамаға түскен екен, ал жақында әлеуметтік роликке түскенде, камера алдында ұзын шашын қиып, тақырлап тастауға келісімін берген.

Әліз-оспақ тапсырмасын орындағанда Вероника әртүрлі образда өлең жолдарын оқып, жүргізуші мен көрермендерді тәнті етті.

"Ғажап!" — деді Максим Галкин. Жүргізуші қызға қатты разы болып, таңданысын жасырмады.

Сонымен бірге, бағдарламада Вероника актер Антон Лаврентьевпен бірге "Кішкентай ханзада" ертегісінен үзінді қойып берді.

Вероника Каткаева үш жасынан бастап модельдік агенттікке барып, дефиленің қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, актерлік шеберлігін шыңдаған. Төрт жазында "Қазақстанның кішкентай аруы" республикалық байқауында Гран-при иеленеді. Содан бері әртүрлі жобаларда биіктен көрініп, дарынының арқасында топ жарып жүр.

Тақырып бойынша

Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" арнасында көш бастады
"Балалар Еуровидениесінде" Қазақстан намысын Данэлия Төлешова қорғайды
Данэлия Төлешова BraVo жүлдесін иеленді
Кілт сөздер:
қазақстандық қыз, өнер, видео, Максим Галкин
Загрузка...

Басты тақырып