19:12 19 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.77
  • EUR427.26
  • RUB6.00
Самал Еслямова

Самал Еслямова Мәскеуде қазақ тілін естігенде не сезінетінін айтты

© Sputnik / Тимур Батыршин
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
281710

Қазақстандық әртіс шетелде ана тілін сағынатынын жасырмады

АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қазақстандық актриса Самал Еслямова ана тілін сағынып жүргенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Самал Еслямова "Айка" фильміне түскен кездері үнемі күй тыңдағанын атап өтті. 

"Айкада" жұмыс істеп жүрген кезімде, үнемі күй тыңдайтын едім. Ол кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, күй сені қанаттандырады", — деді актриса NurOtanTalks алаңында. 

Еслямова шетелде жүргенде ана тілін сағынатынын жасырмады.

"Мәскеуде қазақ тілін өте сирек естисің. Мен ескі әндерді жақсы көремін, өзім де ән айтамын. Қазақ әндерін естігенде, әбден құрғап қалған жерге су қойып, айнала гүлдей бастағандай күй кешесің. Мені тек өз елінен жырақта  өмір сүретін адам ғана түсінетін шығар", — дейді ол. 

Самал Еслямова – "Алтын пальма бұтағын" жеңіп алған алғашқы қазақстандық. Отандасымыз режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" картинасында басты рөлді сомдап, әлемге танылған еді. Бұған дейін Еслямова ойнаған "Тюльпан" фильмі Канн фестивалінің байқаудан тыс номинациясының бас жүлдесін иеленді.

Тақырып бойынша

Самал Еслямова: Мені Мәскеу жақсы қабылдады
Нұрлан Санжар: Самал Еслямова марапатты ресейлік актриса ретінде алды
Самал Еслямова жаңа қазақ сериалына түсіп жатқанын айтты
Канн фестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова туралы не білеміз?
Кілт сөздер:
ән, фильм, актриса, қазақ тілі, Самал Еслямова, Мәскеу
Загрузка...

Басты тақырып