21:41 19 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD367.06
  • EUR416.17
  • RUB5.56
Димаш Құдайберген

Димаш Лондондағы концертінде Денис Тенге арналған әнін орындайды

© Sputnik / Виктор Толочко
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
Димаштың жұлдызды жолы (77)
991 0 0

19 қараша күні Ұлыбританияның астанасында қазақстандық орындаушының DQ атты жеке ән кеші өтеді

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Лондонда өтетін жеке ән кешінде марқұм досы Денис Тенге арналған әнін орындайды. Қазақстандық әншінің жеке ән кеші туралы хабарды ҚР мәдениет және спорт министрлігі таратты.

"Димаш өмірден өткен Денис Тенге арнап SOS d'un terrien әнін орындайды. Бұдан өзге Димаш Құдайберген тыңдармандары сүйіп тыңдап жүрген репертуарындағы өзге де әндерді айтады", — делінген хабарламада.

Біріккен Ұлыбритания патшалығындағы Қазақстан Республикасы және Солтүстік Ирландия елшіліктері атсалысқан Димаш Құдайбергеннің концертін ҚР мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр.

"Қонақтарға жаңа музыкалық композициялар ұсынылатын болады. Шоу барысында жас орындаушы ән айтып, би билеп қана қоймай, әртүрлі музыкалық аспапта ойнайды. Бұл DQ шоуының тағы бір ерекшелігі болады", — деді министрліктегілер.

Тағы оқыңыз:

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді 19 шілде күні Алматы қаласының ортасында өлтіріп кетті. Ол сол сәтте көлігінің айнасын ұрлағандарды ұстап алып жазаламақ болған еді.

Күдіктілер және оқиға туралы хабар бермеген куәгерлер қолға түсті. Қазіргі сәтте олар тергеу изоляторында отыр, сот оларды қамау уақытын үшінші рет ұзартты.

Тақырып:
Димаштың жұлдызды жолы (77)

Тақырып бойынша

"Өмір өзі реттейді". Димаш жалғыз ғана досының қалғанын айтып қамықты
Димаш Ұлыбританиядағы концерттен түскен қаржыны қайда жұмсайтынын айтты
Димаш Қытайда жанкүйерлерін тағы бір талантымен таңғалдырды – видео
"Махаббат шексіз сезім". Димаш қытай қызымен неге сүйіскенін түсіндірді
Димаш қытай қызымен сүйісіп, жанкүйерлерін қызғандырып қойды
"Новая волна" байқауында Димаш Құдайбергеннің микрофоны қосылмай қалды - видео
Қытайдың ең бай адамы Димаш Құдайбергенге қошемет көрсетті – видео
Кілт сөздер:
министрлік, концерт, мәнерлеп сырғанаушы, марқұм, әнші, Димаш Құдайберген, Ұлыбритания, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар