Мәдениет

Игорь Крутой: Димаш Құдайбергенді Ресейде зор жеңіс күтіп тұр

© Sputnik / Медиабанкке өтуДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әнші ресейлік композитордың сүйемелдеуімен "Любовь уставших лебедей" әнін орындады

АЛМАТЫ, 11 қараша — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген НТВ телеарнасының тікелей эфирінде және Кремль сарайындағы концертте ресейлік композитор Игорь Крутоймен бірге өнер көрсеткен сәтінен Instagram-да видео жариялады.   

"НТВ телеарнасының "Центральное телевидение" бағдарламасында маэстро Игорь Крутоймен бірге ән шырқадым, біздің алғашқы дуэтіміздің премьерасы", — деп жазды әнші. 

Димаш Құдайберген Крутойдың сүйемелдеуімен "Любовь уставших лебедей" әнін орындады. Кейінірек, олар сол композициямен Кремль сарайының сахнасына шықты, онда қазақстандық Ресейдің полиция күніне арналған концертке қатысты. 

НТВ эфиріндегі әннен кейін Крутой Дмаш алдағы уақытта Ресей жұртшылығының зор ықыласына бөленеді деп мәлімдеді.

Боксшы Геннадий Головкин мен әнші Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Сіз нағыз чемпионсыз!". Димаш Головкинге қолдау білдірді

Бұдан бұрын, қыркүйек айында қазақ әншісі Ресейде "Жаңа толқын" байқауында және "А-Студио" тобының 30 жылдық мерейтойына арналған концертте қонақ ретінде өнер көрсетті.

19 қарашада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің қолдауымен Лондонда Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді. Концерт билеттері бір күнде сатылып кетті. 

Димаш Құдайберген Қытайдағы "I am a singer" байқауына қатысқаннан кейін әлемде кеңінен танымал болды. Қазақ баласының таланты әлемдік жұлдыздарды, оның ішінде Джеки Чан, Лара Фабиан, Аль Бано және тағы басқаларды тамсандырды.   


Жаңалықтар
0