Мәдениет

Қырғыздың халық әртісі Димаш Құдайберген туралы не ойлайтынын айтты

Жазылу
Қырғыз ұлттық консерваториясының ректоры, профессор Мұратбек Бегалиев Димаштың өнеріне 2013 жылы Қырғызстанда өткен фестивальде тәнті болған

АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Қырғыз Республикасының Халық әртісі, композитор Мұратбек Бегалиев Димаш Құдайбергенді 2013 жылы Қырғызстанда өткен байқауда алғаш көргенде қандай пікірде болғанын айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Игорь Крутой: Димаш Құдайбергенді Ресейде зор жеңіс күтіп тұр
"Бірнеше жыл бұрын Қырғызстанда Ыстықкөлде өте жақсы "Мейкин Азия" фестивалін өткізді. Сол жерде Димаш Құдайберген алғаш рет гран-при жеңіп алды. Фестивальге 16-18 елдің өнерпаздары қатысқан болатын. Бүгінде оны бүкіл әлем біледі, ол қазір прима-әнші деп айтуға болады. Мен қазылар алқасының төрағасы болған едім, шынын айтсақ, біздің қуанышымызда шек болмады —  көптен бері мұндай дауысты естімеп едік", — деп бөлісті тілшісімен Бегалиев Астанада "Шабыт" халықаралық фестивалінде. 

Қырғызстанда өткен фестивальге 2013 жылы қатысты. Ал үш жылдан кейін ол Қытайдағы I am singer байқауында жарқ етіп, өнерсүйер қауымды өзінің керемет даусымен тәнті еткен еді. 

Қырғыз ұлттық консерваториясының ректоры, профессор Мұратбек Бегалиев жас талант Димашты мақтан тұтатынын жеткізді.

© Sputnik / Владислав ВодневМұратбек Бегалиев - Қырғыз Республикасының халық әртісі
Мұратбек Бегалиев - Қырғыз Республикасының халық әртісі - Sputnik Қазақстан
Мұратбек Бегалиев - Қырғыз Республикасының халық әртісі

 

Жаңалықтар
0